Режиссер Виктор Вильковиский бастаған "Теңіздің оралуы" ғылыми-танымдық фильмінің түсірілім тобы Арал ауданында өз жұмысын бастады.
Арал теңізінің экологиялық апатының себебі теңізді қоректендіретін Сырдария мен Әмудария өзендерін мақта, күріш және басқа дақылдарды суаратын арналарға бұру болғаны көпшілікке белгілі.
Ғылыми және мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, халықаралық ұйымдар мен қорлар көптеген жылдар бойы Арал теңізінің тартылу мәселесін шешумен айналысып келеді. Режиссер осындай маңызды жұмысты қолға алды. Фильм көрермендерге Аралдың өткені, бүгіні мен болашағы туралы әңгімелейді.
Басып шығару