Mazir
23 окт 00:15korilim:691 Madeniet

МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚҚА БІР АДАМ ЛАЙЫҚТЫ БОЛСА - ТІРІ КЛАССИК ТЫНЫМБАЙ ЕДІ...


Абай жылында Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтан Абайдың ізбасарлары құлады...

Айқайы көп Мемлекеттік сыйлықтың аламан бәйгесіне  биыл өзіміз де ат қосып жатқанда, көрнекті жазушымыз Дулат Исабеков көкем "тағы кімдер бар екен" деп сұрап қалды.  
-Тынымбай Нұрмағамбетов бар!"-деп, көзі тірі классик жазушымыздың аты бірден аузыма түсті.
-Не, Тынымбай Нұрмағамбетов әлі алмаған ба мемлекеттік сыйлықты?!.-деп Дулат көкем таңданып қалғанын жасыра алмады...

Иә, мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған үміткерлер құрамында  Тынымбай Нұрмағамбетовтың есімін көрген елдің бәрі Дулат көкем таңданып қалғандай "Тынымбай аға мемлекеттік сыйлықты әлі алмаған ба?!.-деп жазып жатады.

Сол мемлекетті сыйлықты әлі алмаған Тынымбай Нұрмағамбетовты биылғы комиссия  кеше тағы да Мемлекеттік сыйлық бәйгесінен құлатты...  Құлагердің аламан  бәйгеде оқ бойы озып келе жатып омақасуы дәл осындай болған шығар... Бәйгенің тағдырын  Батыраштардың балтасы шешетін заман қашан қалар екен...
Мемлекеттік сыйлықтан өзімізді де "бір дауыс жетпей қалды" деп құлатқанда, алдымызда жастары жетпістен асқан Тынымбай, Серік, Несіпбек ағалар бар ғой, солар алса екен деп өзімізді жұбатып қойғанбыз.  Ол үмітіміз де ақталмады. Абай жылында Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтан Абайдың ізбасарлары құлады...

"Әлем әдебиетінің ұлы суреткерлері Моппасан мен Чеховтың деңгейіне көтерілген талантқа үлкен қиянат жасалыпты. Ақиқатында бұл жалғыз Тынымбайға ғана емес, киелі сөз өнерімізге, рухымызға жасалған қиянат. Мен бүгінгі күнді «Әдебиетке жасалған қиянат күні» деп жариялауды ұсынамын"-деп, күңіреніп жазды белгілі сыншы Амангелді Кеңшілікұлы фейсбук парақшасына.

Иә, Мемлекеттік сыйлыққа бір ғана адам лайықты болса, ол - Тынымбай Нұрмағамбетов еді!..
Екі адам лайықты болса, Серік Ақсұңқарұлы еді. Үш адам лайықты болса, Несіпбек Дәутайұлы еді...

Қазақстан Жазушылар одағы ұсынған осы үш үздік қаламгердің екеуі - Тынымбай мен Несіпбек ағаларды кеше комиссия құлатты...
Тек серке ақынымыз Серік Ақсұңқарұлының Президентке жіберілген ақтық іріктеуге ілінген 6 қаламгердің қатарында қалғанына қуанып отырмыз. 

Бізге жеткен ақпарат бойынша дауыс беру қорытындысы төмендегідей:
1.Мырзатай Жолдасбеков - 39 дауыс (8 қарсы);
2.Сауытбек Абдрахманов -37 дауыс (10 қарсы);
3.Бақытжан Қанапиянов-36 дауыс (11 қарсы);
4.Серік Ақсұңқарұлы -35 дауыс (12 қарсы);
5.Ғарифолла Есім-35 дауыс (12 қарсы);
6.Роза Мұқанова-35 дауыс (12 қарсы);
Ақтық іріктеуге жіберілгендер осы жоғарыдағы 6 қаламгер.

7.Тынымбай Нұрмағамбетов -31 дауыс (16 қарсы);
8."Қазақ хандығы" киносы -29 дауыс (18 қарсы);
9.Шөмішбай Сариев-28 дауыс (19 қарсы);
10.Алпысбай Қазығұлов, суретші -25 дауыс (22 қарсы);
11.Несіпбек Дәутайұлы -24 дауыс (23 қарсы).

Комиссия 35 дауыс жинаған 6 үміткерді ақтық іріктеуге жіберген. 

Комиссияның әділетсіз  шешіміне елдің қатты наразы болып жатуына бірден бір себепкер - Тынымбай Нұрмағамбетовтың  тағы да құлауы осымен үшінші рет шығар бұл... 

Бұл жерде Мемлекеттік сыйлық беру комиссиясының  дауыс беру ережесін қайта қарамаса, мұндай әділетсіздік әлі талай қайталана береді. Қазіргі ереже бойынша шығармаға дауыс бергенде әр саланың өз секциялары емес, жалпы 55-тей комиссия мүшесінің бәрі бірдей  дауыс береді.  Мысалы, Тынымбай Нұрмағамбетовтей қалыптасқан өз мектебі бар дарабоз жазушының  бір кітабын да оқымақ түгілі, оның атын біле ме екен өзге тілді балетмейстер, немесе дизайнер, сәулеткерлер! Немесе дарынды суретші Алпысбай Қазығұловтың картинасының бағасын  суретшілерден өзге кімдер бере алады? Сондықтан ақын-жазушыларға Жазушылар секциясы, суретші, мүсіншілерге Суретшілер секциясы,  театр мен фильмдерге Театр одағы мен Киногерлер  дауыс беруі тиіс.  Яғни, Мемлекеттік сыйлыққа лайықты туындыларды  әр сала өздері шешуі керек!

Сонымен бірге Қазақстан Жазушылар одағы төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын  Ұлықбек Есдәулет көтеріп жүргендей "Қазақстанның Халық жазушысы" атағын қайта қалпына келтіру керек. Өйткені бізбен туыс көрші Қырғызстан, Өзбектанда да, Түрікменстан мен Тәжікстан елдерінде де, Әзірбайжан ағайындарда да бұл атақ сол күйі сақталып қалған.
Қазір біздің Қазақстанның Халық жазушысы атағы бар қаламгеріміздің ең жасының өзі, ақиық ақынымыз  Мұқтар Шаханов 80-ге жетіп қалды, алды абыз жазушымыз Әбдіжәміл Нұрпейісов тура бүгін 22-ші қазанда толағай  96-ға толып отыр... 
Ал енді қазір халықтың қайнаған тіршілігіне араласып ортасында жүрген Халық  жазушылары да болуы керек емес пе? Мысалы, Қырғыздың көрнекті ақыны Марқабай Аамат  Ел ақыны атағын 60 жасында алды.

"Қазақстанның Халық жазушысы" атағын қайта қалпына келтірсе, ең бірінші Тынымбай Нұрмағамбетовке беру керек!

Әйтпесе, Мемлекеттік сыйлық алу үшін жалған дауыс беретін  мынандай комиссиядан ешқандай үміт жоқ!

Қазыбек ИСА

Дереккөз: qazaquni.kz
[hide][/hide]
Басып шығару
where to buy lasuna without a prescription - himcolin pills oral himcolin

buy cheap generic besifloxacin - carbocisteine online order sildamax pills

purchase celecoxib generic - flavoxate tablet order indomethacin pills

order colospa 135mg without prescription - order arcoxia generic buy generic cilostazol online

diclofenac 100mg uk - order cambia generic aspirin 75mg drug

rumalaya cost - buy endep medication elavil 50mg ca

mestinon online order - azathioprine 50mg tablet order imuran 50mg generic

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15