2020 жылғы 29 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимде «Әліпби» энциклопедиясының қолжазбасын талқылау шарасы өтті. Шараны Бас директор Әлібек Асқар кіріспе сөз сөйлеп ашты.
Әуелгі кезекте «Әліпби» энциклопедиясына сұраныс бұл төңіректегі ақпараттық қордың жинақталмағандығынан туындайтынына назар аударған жөн. Яғни, бұл секілді еңбек бұрын-соңды құрастырылмаған.
Оқырманымен тұңғыш рет қауышқалы отыр.
Шараның мақсаты «Әліпби» энциклопедиясының қолжазбасын мазмұндық, техникалық тұрғыдан екшеуден өткізу, жүйелеу, өңір мамандарын ақпараттандыру, насихаттау.
Іс-шара барысында
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Нұрлыхан
Аитова,
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығының» бөлім меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі
Жұпар Жақанова,
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының» оқу-әдістемелік бөлімі басшысы
Ләззат Ортаева,
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Ақмарал
Сүгірбаева,
Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары
Гүлнар Талапова баяндама жасады.
Аталмыш еңбекке әлем тілдері әліпбиі мен жазу түрлері, ерекшеліктері, әліпби тарихына қатысты мәліметтер, дүниежүзіндегі осы саланың реформатор көрнекі тұлғалары туралы мәліметтер енгізілген. Энциклопедия осы бағытта ізденіп жүрген зерттеушілерге, ғалымдарға, филолог мамандарға, мұғалімдерге, жалпы қызығушылығы бар оқырманға арналған. Әліпбиге қатысты терминдер мейілінше жинақталып, жүйелендіріліп берілген.
Талқылауға қатысушылар «Әліпби» энциклопедиясының маңыздылығы мен қажеттігі туралы пікірлер айтып, сөз қозғады.
Талқылау нәтижесінде энциклопедияны жетілдіруге қатысты құнды идеялар жинақталып, жаңа басылымның мазмұнына енгізілетін болады.
Басып шығару