Бүгін Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы сквер аумағында жыл сайынғы «Алматы кітап жәрмеңкесі» өтті. Іс-шараға 25-тей отандық баспа мекемесі мен кітап дүкендері қатысты. Жәрмеңке аясында мерекелік концерт өтіп, отандық әншілер өнер көрсетті.
Сенбінің таңында «Ғылым ордасы» ғимаратының айналасына халық көп жиналды. Өйткені кітапсүйер қауым үшін бұл шара – үлкен мереке.
Кітап жәрмеңкесінің негізгі ұйымдастырушысы Алматыдағы ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы. Мекеме директоры, Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығының президенті Әділ Қойтановтың айтуынша, Әділ Қойтановтың айтуынша, кітап жәрмеңкесі өткен жылдың мамыр айынан бері өткізіліп келеді.
Кітап жәрмеңкесі өте көңілді өтіп жатыр, арнайы орнатылған сахнада әндер шырқалып, жиынға келген жұрт түрлі кітаптарды тамашалауда. Мерекелік концертте Мадина Сәдуақасова, Кенжебек Жанәбілов сынды әншілер өнер көрсетті. Негізінен қазақтілді кітаптар және бұдан бөлек орыс, неміс, қытай, ағылшын тілдеріндегі кітаптар да жәрмеңкеге қойылған. Сондай-ақ балалар әдебиеті, оқулықтар энциклопедиялар, сөздіктер мен тарихи зерттеулер де жетерлік.
Жәрмеңкеге «Атамұра», «Мектеп», «Қазақ университеті», «Алматыкітап», «Отбасы хрестоматиясы» секілді халыққа кеңінен танымал баспалар қатысты.
«Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының директоры Бағдат Құдияровтың айтуынша, баспа бүгінге дейін жалпы тиражы 400-ден асатын 40 кітап басып шығарған.
«Біз үш бағытта жұмыс істейміз. Бірінші, большевиктер билікке келгенге дейін қазақ отбасыларында қандай әдебиеттерді тәрбие мақсатында оқытылды, мұрағаттардан ақпарат іздейміз және бір кездері жойылған осы кітаптарды басып шығарамыз. Екінші, психологияда логотерапия кіретін үшінші Вена мектебі бар, Виктор Франклдің «Логотерапия немесе өмірге деген сүйіспеншілік» ілімі қазақ тіліне аударылып, онда отбасындағы проблемаларды шешу туралы айтылып, «Махаббат мәні», «Балалықтан даналыққа» сияқты кітаптар жарық көрді. Әдебиетімізге сұраныс артқаннан кейін біз архивтерден әлемдік әдебиеттің қазақ тіліне алғашқы аудармаларын іздей бастадық. Біз 1928-29 жылдардан бастап аударылған жүз кітаптың тізімін жасадық, олар араб және латын графикаларында бір-ақ рет жарық көрді. Біз 18 кітап шығара алдық. Бүгін біз 42 Кітап атауын ұсынамыз, оларды барлық кітап дүкендерінен сатып алуға болады, бірақ мұндай жәрмеңкелер бізге өте қажет, өйткені оқырмандар біздің басылымдар туралы көбірек білуге мүмкіндік алады» - дейді ол.
Әділ Қойтанов, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры:
- «Біз жәрмеңке өткізу туралы қала әкімдігінің мәдениет басқармасына өтініш айттық. Бастамамызға қолдау білдіргені үшін әкімдікке үлкен алғысымызды білдіреміз. Былтырғы үлкен кітап жәрмеңкесіне Қазақстаннан ғана емес, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден 60-қа жуық кітап шығарушы қатысты, үш күн бойы көрме-жәрмеңке өткізілді. Барлық қатысушылар, баспагерлер де, оқырмандар да бізге алғыстарын білдірді. Жәрмеңкеге келушілер үшін бұл іс-шара үлкен рухани оқиға болды. Жазушылармен кездесулер мен қолтаңба сессиялары өткізілді. Осы ауқымды халықаралық жобаны биыл мамыр айында жалғастыруға ниеттіміз, ал әзірше көктемнің келуін атап өтіп, алматылықтарды қазақстандық кітап шығарушылармен таныстырғымыз келетін шағын бір күндік жәрмеңке ұйымдастырдық. Біздің жәрмеңкемізді өткізу бойынша барлық қаржылық жүктемені, осы кітап шатырларын, сахна орнату, әртістерді шақыруды қала әкімдігі өз мойнына алды және біз оларға көмегі үшін өте ризамыз. Әрбір баспагердің кітаптарды дүкендерде сатуға мүмкіндігі жоқ, біреу оларды кеңселерде, интернет арқылы сатады, бірақ бұл жеткіліксіз. Осы сияқты жәрмеңкелердің арқасында оқырмандар олар туралы көбірек біліп, кітап сатып алады. Кеңес заманында қазақ тіліндегі кітаптардың тапшылығы болды, қазір сұраныс өте жоғары, сондықтан көптеген басылымдар мемлекеттік тілде шығады, олардың мазмұны мен ресімделуі өте жақсы. Бірақ бізде басқа да тілдер бар: орыс, ағылшын, ұйғыр, жазушылар жазады. Кез келген кітап шығарушы біздің қауымдастыққа қосылып, жәрмеңкелерге тегін қатыса алады. Тіпті өз есебінен кітап шығаратын авторлар үшін біз өткен жылғы жәрмеңке кезінде жеке шатыр бөлдік. Онда олар өз жазбаларын жүзеге асырды, оқырмандарға қолтаңба таратты. Мұндай мүмкіндік оларға мамыр жәрмеңкесінде беріледі».
Аlmaty-akshamy.kz.
Басып шығару