Халықаралық тасымалдаумен айналысатын қазақстандық кемелердің экипаж мүшелеріне бақылау күшейтіледі.
Әзірбайжан мен Ираннан келетін кемелерге қызмет көрсету Қазақстанның теңіз порттарында уақытша тоқтатылды.
Коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ағымдағы жылдың 5 наурызынан бастап Ақтау және Құрық порттарында Әзірбайжан мен Ираннан келетін кемелер, адамдар мен көлік құралдарын жүргізушілермен арадағы байланысты тоқтатқанын хабарлайды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер порттарда ауыстырылған кезде, халықаралық тасымалдаумен айналысатын қазақстандық кемелер экипаж мүшелеріне бақылауды күшейтеді.
Басып шығару