Брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеме жасады.
«7 ақпан сағат 19.00-де Кордай ауылының шетінде бұзақылық ниетпен топтық төбелесті бастаған 70-ке жуық тұрғын жиналды деген ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына Қордай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері келді. Сонымен бірге, қақтығыстың арандатушылары мен куәгерлері не болып жатқанын видеоға түсіріп әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды заңсыз әрекеттерге шақырды. Бұл қақтығыстың шиеленісуіне және жаппай төбелестің өршуіне әкелді. Нәтижесінде 300-ге жуық адам жиналған », - деді Тұрғымбаев.
Тәртіпке келтіру үшін қосымша полиция жасақтары жіберілді. Төбелеске қатысушылар тәртіп сақшыларына белсенді қарсылық көрсеткен.
Бұзақылар металл заттарды, тастар мен атыс қаруларын қолданған. Қақтығыс басқа ауылдарға да әсер етті. Жаппай төбелес кезінде ондаған қатысушылар жарақат алып, оқ атылған. Нәтижесінде, 8 адам қайтыс болды. Полиция қызметкерлері де кезекшілік кезінде жарақат алды, деді министр.
Мәліметтер бойынша, тәртіпсіздік салдарынан 30-дан астам жеке үй, 15 сауда нысаны және 23 автокөлік зақымдалған. 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшы мылтығы тәркіленді.
«Қазіргі уақытта Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдай тұрақты », - деді Тұрғымбаев.