Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Абай және ХХІ» ғасыр атты көлемді мақала жариялады. Сол мақалада Семей қаласын тарихи орталыққа айналдыру туралы тапсырма бергенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Абай тұлғасын дәріптеу мақсатында Үкімет қандай шараларды қолданатынын атап өткен.
«Семей – қазақ тарихындағы қасиетті аймақтардың бірі. Сондықтан, Семей қаласы ұлттың дамуы қарсаңында тарихи орталықтың рөлін атқаруы тиіс. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтер туған жер айшықты аталуға лайық. Осыған орай біз қаланың кешенді қоғамдық-экономикалық даму процесін қолға алып, тарихи-мәдени жерлерді жаңартудан өткіземіз. Үкіметке тиімді шаралар қолдануды тапсырамын», - деді ол.