Mazir
05 май 16:42korilim:1 169 Қоғам

ҚАЗІРГІ ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ ҚАЗЫБЕК ИСА


Тақырыпты бұлай қоюға сіз ойлағаннан басқа мақсат себеп болған. Өйткені Парламентте «Қазыбек Иса көтерген мәселені насихаттау Қазыбекті дәріптеуден» мың есе маңызды. 

Бұл өзі Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қос палаталы парламенттің жетінші шақырылымы жайлы әңгіме. 
Парламент дегеніміз Халық кеңесі - Ұлт жиналысы болса, ол ұлтты жинаушы – тұтастаушы ең қуатты құрлым болуы керек еді. Қазақстанның болашағын жалпы қазақпен, оның біртұтастануынан көруі керек құрылым болар еді. 

Ол - Парламент ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ БОЛАШАҒЫН ОҒАН ӨЗІНІҢ, ҰРПАҒЫНЫҢ, ҮРІМ БҰТАҒЫНЫҢ ӨМІРІМЕН МҮДДЕЛІ АДАМДАРДЫҢ ТОПТАСА ТҮСУІМЕН байланыстыра қарауы керек еді. Міне, бұл – ұлттың жүз адамдық қана өкіліне тиесілі мандат. Дұрысы,  мандатталған міндет.

Бірінші шақырылымдағы депутаттар бұл мақсатта үлкен іс тындырған. Сөз жоқ, депутаттардың құрамы тұтасымен жұмылған. Тұңғыш қазақ тілінде жазылып қабылданған заңның авторы жас депутат Әкім Ысқақ болатын. Әріптестері оны қолдап берген. Сол кездегі Сенат төрағасы Өмірбек Байгелді, сенатор Сабыр Қасымов,  Еркеш Нұрпейісов , Мәжілістегі комитет басшысы Өмірбек Арыстанұлы, Оразәлі Сәбден, депутаттар Заманбек Нұрқаділов, Ирақ Елекеев, Ерғали Бөлегенов, Қуаныш Төлеген, Нәубек Қалиев бастаған депутаттар қатардағы әріптесін қызғаныштан ада, адал ниетпен құлшына қолдап, биік азаматтығын көрсеткен. 

Сол заңға сай Көші-қон және демография министрлігі құрылды. Квота белгіленді, жыл сайын он мыңдаған отбасы елге тартылып, мыңдаған бала оқуға түсті. Соның бәрін екінші шақырымдағы парламенттің қос палатасы қадағалады. 

Мысал үшін айтайын: 2002 жылы Алтыншаш Жағанова басқарған Агенттік бір жылда 17 000 отбасын квота бойынша көшіріп әкелді. Министр Алтыншаштың өзі қарапайым формамен Өзбекстанның қазақ тұратын ауылдарын түнделетіп аралап жүріп жиын ашты, көш көтерді, жүк артты, ел жинады. Парламент бекіткен 20 000 отбасын, 100 000 қазақты көшіріп келуге құлшынды. Ауған соғысының арасында қалған қазақтарды оқ пен оттың арасынан ұшақпен тасыды. Ал Алматының көшесінде сенделіп қалған мың оралман баланы  жыл соңында бюджетті қайта қарап, 120 миллион теңге бөліп дайындық факультетіне алып қалған да парламент пәрмені болатын. 
Міне, парламенттің құдіреті, міне, депутаттың жұмысы. Міне, нақты нәтиже. 

Ал келесі 3-, 4-, 5-, 6-, шақырылымдарда парламент біздің есімізде несімен қалды? Отанына оралған қазаққа 5 жылға дейін азаматтық берілмесін деп заң қабылдағанымен, Алтыншашты орнынан алып, Көші-қон министрлігін таратқанымен, квотаны шектеп, көшті тоқтатқанымен, отанына оралам деген қазаққа виза бермей, келген қазаққа азаматтық бермей тобымен тоздырып жатқанда мыңқ етпегенімен, қабылданған заңды қайта қарап, мәселені майлы ішекше созғанымен, жүз мың адамдық квотаны мың адамға түсіргенімен қалды. Соңғы санды біз Қазыбек Исаның ащы және ашық мәлімдемесінен естіп, жылағымыз келді.
Сонда бұл парламент ұлт жиналысы бола алды ма? Ұлтты ұлттық азат Отанына жинай алды ма?
Жоқ!!!

Біз бұл жазбамыздың тақырыбын шегіне жеткізе қойып отырып, биыл ғана сайланған жетінші шақырылым жайлы айтайық дегенбіз. Алыстағы ағайындар туралы әңгіме көтеріп, милиондаған қазақты Отанына оралту туралы маңызы орасан ойды ортаға тастаған ол – Ақжол фракциясы мүшесі. Осы партия мандат берген ақын Қазыбек Иса. Бұл шындық. Зиялыларымыздың арасында мұндайға елеусіз қарайтын дағды бар. Мәселе ондай дағдыдан биік. Депутаттың рухты және өзіне сенімді дауысы  алғашқы күнінен бастап, Парламент үйін жаңғыртып тұрды. Көші-қонмен айналысатын министрлік құруды, квота белгілеуді жолға қоюды айтты. Ал бұл дегеніңіз – уақыт талабы, Ұлт талабы. Ұлы мақсұт.

Қандастар мәселесіне қанық депутат бір мәлімдемемен шектелген жоқ. Мыңдаған талапкер қазақтың елге оралып, оқуға түсуін де оңтайлы шешуді сұрап тағы да үн көтерді. Бұндай жұмысқа журналист кезінде-ақ жұлқынып кіретін ақын депутат бұнымен тоқтамасы анық. 

«Ал енді» дейсің ғой. Ендігі сын жетінші шақырылымның басқа депутаттарында. «Әу!» деп шыққан әріптесін қалай қолдап-қостайтынында. Бұл ретте біздің ойымызға біз білетін, жұрт танитын азаматтар түседі. Ел мүддесі дегенде екі ойлы болмайтын елгезек депутат Ерлан Сайров. Ерланды осыдан он жыл бұрын «Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «ҚЫЛМЫС» романына Мемлекеттік сыйлық әперем» деп құлшына кіріскен кезінен танимыз. Ұлт мүддесіне сай істе аянып қалмайтын азамат. Сол сиқты ұлтына үнсіз жұмыс істейтін, ұстанымы мығым мемлекетшіл жігіт Берік Әбдіғалиды, танымал саясаткер тұлға Айдос Сарымды, жұрт пікірін саралай білетін редактор, ақын депутат Жанарбек Әшімжанды ойға алып отырмыз. Ақын қыз Мақпал Мысадан да депутат Фариза апасының мінезін күтеміз. 

Осы азаматтармен қоса біз таныспаған қалаулылардың да Қазбек Иса көтерген мәселені қай қырынан болса да қолдап шығарына, отырған ортасын осы мақсатқа ұйытатынына сенімдіміз, әрі соған үндейміз. 

Сіздердің белсенді қызметтеріңіздің нәтижесінде жетінші шақырылымға деген ұлт разылығы жел шалқытса қанекей. 

Сөз жоқ, КӨШІ-ҚОН ол – ұлт тұтастығы. Ол – МӘҢГІЛІК МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ мәйегі негізі. Ұлтқа жасаған жақсылықтың ұсақ-түйегі болмайды. Ал көші-қон жайлы сөз ірі сөз. Оны биік мінберден айтқан кісі кішкене кісі болмайды. 

Ризалық пен және ізгі тілекпен Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ ақын, мәдениет қайраткері, алғашқы «Халықтың көші-қоны заңын» жазу туралы бастамашы топ мүшесі.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15