Қазақстанның сегіз өңіріндегі автожол боранға байланысты жабылды.
«ҚазАвтоЖол" ҰК және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, боран, көрудің нашарлауы) сегіз өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар автожолда барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды: Нұр-Сұлтанда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында», - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Министрлік қазақстандықтарды ауа райындағы өзгерісті бақылауға және дауыл туралы хабарламаларды ескеруге, сондай-ақ сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Басып шығару