Халықаралық Bolt такси сервсиі Алматы қаласында 2021 жылдың 1-ақпанынан бастап жұмыс істей бастайды. Компания өз сервисін Қазақстанда ең алғаш Нұр-Сұлтан қаласынан бастаған.
«Bolt қалада қолайлы әрі қолжетімді бағамен жүруге жағдай жасамақ. Біз әрдайым жаңа нарықты, жаңа бәсекені іздейміз. Алматы қаласының тұрғындары үшін біз арзан баға ұсынамыз. Ал біздің сервиспен жұмыс істейтін жүргізушілерден алты айға дейін комиссия алынбайды. Тұрғындары 20 пайыздық жеңілдікпен қалаған нүктесіне тапсырыс бере алады», - деді Bolt компаниясының аймақтық менеджері Юрис Круминс.
Bolt қосымшасын App Store және Google Play жүйелерінен жүктеп алуға болады. Такси қызметі үшін төлемді қолма-қол және карта арқылы жасау қарастырылған.
Bolt – эстониялық компания. Еуропалықтар үшін етене таныс қосымшаны 50 миллионға жуық адам пайдаланады. Компания такси қызметінен бөлек электрлі велосипедтерді жалға берумен, қала ішінде шағын заттарды тасымалдаумен айналысады.
Басып шығару