Дания полициясы кең ауқымды антитеррорлық операция кезінде шабуылды дайындаған 20 содырды ұстады. Бұл туралы DR телекомпаниясы хабарлайды.
Құқық қорғау органдары бүкіл ел бойынша оннан астам елді мекенде тінту жүргізді. Операцияға Данияның әртүрлі қалаларынан келген бірнеше полиция бекеттері қатысты.
«Ұсталғандар жақында сот алдында жауап береді» деді Копенгаген полициясының бас инспекторы Йорген Берген Сков. Қастандық жасаушыларға лаңкестік шабуыл үшін атыс қаруы мен жарылғыш заттарды алуға тырысқан деген айып тағылды.
Басып шығару