Әлеуметтік сауалнаманың нәтижесіне назар аударсақ, жауап берген қоғам мүшелерінің 54,4 пайызы өз аймақтарындағы сыбайлас жемқорлық дәрежесі соңғы жылы біршама азайған-мыс. Сауалнамаға 2 мыңнан астам кәсіпкерді қосқанда 9 мың шамасында адам қатысты.
"Бұл сауалнаманың ерекшелігі - біз екі түрлі халықаралық тәжірибені біріктірдік: әлемдік сыбайластық барометрі және ішінара жемқорлық. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі жең ұшынан жалғасқан жемқорлық деңгейі Жамбыл, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды және Қызылорда облыстарында басымырақ", - дейді сауалнама жүргізуге мұрындық болған қор мүшесі.
Оның айтуынша, сыбайластықтың көбі азаматтар мен мемлекеттік нысандар арасында өтеді. Олар: аурухана, емхана, полиция, жер басқармасы, мемлекеттік балабақша мен ЖОО-лар.
"Ал кәсіпкерлер керісінше айтады. Олар мемлекеттік ұйымдармен арадағы сұрақтарды дәстүрлі емес жолмен шешуге талпынбағанын және мұндай ұсыныстардың болмағанын алға тартты", - дейді қордың атқарушы директоры Ольга Шиян.
Басып шығару