Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұған қаланың қайтадан "сары" аймақа кіруі дәлел бола алады. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді.
"Алматы қаласы бойынша 9 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Коронавирус инфекциясы басқа жұқпалы аурулар тәрізді дамиды. Соған байланысты 8 желтоқсанда Алматы қайтадан "сары" аймаққа кірді", - деді Бекшин.
Бекшиннің хабарлауынша, қарашада және өткен бір аптада сырқаттанғандардың 60%-тен астамы – 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар.
Басып шығару