Тарих және археология иyституты ғалымдарының ұйымдастыруымен Әлмерек Жаншықұлының туылғанына 360 жыл толуына байланысты «Ұлы дала тұлғалары.Тарихи сабақтастық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына тарих ғылымының докторлары Мәмбет Қойгелдиев пен Талас Омарбеков, Нәбижан Мұқаметханұлы, Өмірзақ Озғанбайұлы, белгілі ақын-жазушылар Нұрлан Оразалин, Бексұлтан Нұржекеұлы, Ораз Қауғабай және «Әлмерек» тарихи-мәдени қорының төрағасы Жанболат Жөргенбаев бастаған қордың өзге де мүшелері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Алқалы басқосуды ашқан «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталығының төрағасы Өмірзақ Озғанбайұлы былай деді.
Конференцияда тарихшылар М.Қойгелдиев «Әлмеректің қара ошағы», Т.Омарбеков «Әлмерек абыздың арғы бабалары немесе Албан тарихына кіріспе», Б.Аяған «Әлмерек баба – жаугершілік заман тұлғасы», Н.Мұхаметханұлы «Әлмерек ұрпақтары. Саурық Алпарұлының отаршыларға қарсы күресі», Б.Кәрібаев «Әлмерек баба заманы», Н.Талдыбек «Ерлікпен өткен ғұмыры, биліктің алтын тұғыры», Ш.Тілеубаев «Әлмерек абыз ұрпақтары Қарақара өңіріндегі 1916 жылғы көтерілісте», Р.Оразов «Әлмерек ұрпақтары архив деректерінде» деген тақырыптарда баяндамалар оқып, онда Әлмерек Жаншықұлының батырлық, ел басқарушы билік және абыздық тұлғасын жан-жақты дәлелдеді. Ауызша тарихты айналымға енгізіп, тарихи баға берді. Және баяндамалрының соңында тарихшылар Ұйғыр ауданы мен Шонжы ауылына Әлмерек бабаның атын беруді ұсынды. Үкіметке дайындалған бұл ұсынысты конференцияның арнайы Қарары етіп бекітті. Жалпы мұндай ұсынысты халық Үкіметке бұрын да ұсынған. Бірақ ол кезде олар бұған тарихи дәлел керек деген-ді. Ал, бұл жолы Тарих және археология ирститутының ғалымдары арнайы ғылыми конференция өткізіп, Әлмерек Жаншықұлының қазақ халқы тарихындағы алатын орнына тарихи баға берді. Ендеше Үкімет осы жолғы ұсынысты ескерер деген ойдамыз.
Нұрболат Абайұлы.