Mazir
22 авг 15:33korilim:1 731 Қоғам

Алматыда жастардың«Central Asia Youth Festival»I Орта Азиялық фестивалі өтуде

Алматы. Bairaq.kz - Форумды құттықтау сөзімен ашқан қала әкімі Бақытжан Сағынтаев келер жылы Алматыда Орталық Азияның еріктілері мен еріктілер ұйымдарының Жастар форумын өткізуді ұсынды деп хабарлайды Bairaq.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қала басшысы мемлекеттің дамуындағы жастардың ерекше рөлі және ел Президенті Қ-Ж Тоқаевтың алдағы 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялауы жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға оң ықпал ететінін атап өтті.
«Жастардың тікелей араласуы стратегиялық серіктестікті, достық пен тату көрші болуды нығайтудың басты шарты болып табылады. Сондықтан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қорына, ББҰ-ның өкілдігіне, өзге де ынталы ұйымдар мен қонақтарға - жалпы барлықтарыңызға 2020 жылы Алматыда Орта Азияның еріктілері мен еріктілер ұйымдарының Жастар форумын өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын», - деді Б. Сағынтаев.
ҚР Тұңғыш Президентінің – Елбасының Қоры мен Алматы әкімдігі өткізіп отырған бұл фестиваль Қазақстандағы Жастар жылына арналған. Алқалы шараны өткізудегі Қордың серіктестері – БҰҰ, ЕҚЫҰ және Конрад Аденауэрдің қоры.    
Шара жастар жетекшілерінің әлеуетін арттыруға, Орта Азия жастары үшін тұрақты диалог алаңын, өңірлік интеграцияны, серіктестікті құруға, ел өңірлері жастарының ресурстарын ортақ іске кеңінен жұмылдыруға, жастар саясатындағы озық тәжірибелерді алмасуға бағытталған.
Фестивальдің жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешов қатысты.
Алқалы жиынға әр елден – Қазақстаннан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан және Әзірбайжаннан 300-ден астам қонақтар қатысады деп күтілуде. Олар - халықаралық ұйымдардың мүшелері, жастар жетекшілері, сарапшылар, қоғам, мәдениет пен ғылым қайраткерлері, стартап-кәсіпкерлер, спортшылар.
Фестиваль аясында оған қатысушылар өңірлік маңызды мәселелер мен проблемаларды кеңінен талқылайды. Сессия жұмысында IT-технологияға, киберқауіпсіздікке, миграция проблемаларына, зияткерлік капиталды сақтауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қолжетімді білімге, полиэтникалық қоғам – бейбітшілік пен келісім моделіне ерекше назар аударылатын болады.








Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15