Бүгін әлеуметтік желіде белгілі журналист Серік-Абас-шахтың парақшасында ерекше видео мен жазба жарияланды. Серік Абас-шах желідегі парақшаларында көптеген азаматтармен қалжыңдасып жүретінін білеміз. Сондай кейіпкерлерінің бірі – Бекболат Тілеухан.
Белгілі журналист Бекболат Тілеуханмен жолығып қалғанын, амандасқанын, бірақ «халық қалаулысы» қарғап кеткенін, сәлемдесе алмағанын айтады.
«Естіген кезде, таңдана қоймадым.
Қарғыс бағытталған жігітті жақын танымаймын. Фейсбукте белсенді екен. Жазғаны жақпай қалған шығар? Екеуі де аман болсын!
Бұл туралы бұрын айтпаған едім...
“Список” дегеннен шығады ғой.
Бір жыл бұрын Бекеңмен көшеде кездесіп қалдық. Мен кіргелі тұрған мекеме ғимаратынан шығып келе жатыр екен. Ойымда ештеңе жоқ, күліп амандасып жатырмын.
Әлеуметтік желіде кей әрекет-қылығы үшін сынап немесе қалжыңға айналдырып жүрсем де әлгі “кейіпкерлерімді” дұшпанға балау немесе жек көру әдетімде жоқ. Көбімен күліп-ойнап амандасамыз, әңгімелесеміз, тіпті мерекелерде бір-бірімізді смспен құттықтап та жатамыз.
Бекеңнің әзіліме де, әңгімеме де құштар емес екенін сезсем де ескі танысым ретінде сәлемімді аяп қалмадым.
- Сәлем, Беке? Қалайсыз?
- Менде қалған атаңның өші бар ма? (қаны басына шапса керек, танысымның түкірігі шашырып кетті)
- Беке, атамызды араластырмай ақ қояйық. Тіл байлығыңыз жетеді ғой, ойыңызды басқаша жеткізерсіз.
- Менде қалған атаңның өші бар ма?
- Не айтқыңыз келіп тұр?
- Мен енді ештеңе айтпаймын. Меккеге барғанда саған қарсы дұға оқыдым. Аллах сені тәубеңе келтіріп, аяғыма жықсын деп сұрадым. Көресің, күт енді...
- Беке, Ораза кезінде, қасиетті Меккеде жақсы тілек тілемеуші ме еді. Мынауыңыз не?
- Аллах жазаңды берсін!
- Беке, мына қылығыңыз тұлға ретінде де, жігіт ретінде де жараспайды сізге. Оның үстіне “жүйелі қарғыс жүйесін, жүйесіз қарғыс иесін табады” дейді ғой.
Бекең мені тыңдағысы келген жоқ. Түкірігі шашырап, тағы бірдеңелерді айтып бара жатты. Қарғап-сілеу шығар?
(Оны арғы жақта кеңесшісі ме, көмекшісі ме, білмеймін, әйтеуір қасынан қалмай жүретін бір жігіт күтіп тұрды, мен танитын...)
Айтпақшы, “Нұр Отандық” мәжіліскердің списогінде” тағы кімдер бар деп ойлайсыз?» - деп жазды Серік Абас-шах.
Естіген кезде, таңдана қоймадым.
Қарғыс бағытталған жігітті жақын танымаймын. Фейсбукте белсенді екен. Жазғаны жақпай...
Опубликовано Серіком Абасом-шахом Среда, 19 августа 2020 г.
Басып шығару