Adebiet
Көк Туға – Құрмет!
26.10, 15:37
Құлтөлеу Мұқаш. Қазақтың ДОН-КИХОТЫ
17.04, 12:03
Есенғали Раушанов. Ақын мың баспа табақ кітап оқып, он баспа табақ кітап жазса қандай жақсы!
17.02, 10:49
Мұқағали тұрған пәтерлер
09.02, 11:34
Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
03.02, 15:36
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды
07.12, 11:13
ЖІБЕК ЖОЛЫ, 50
01.12, 11:36
Көпен қайтты – сөз семсердің суы қайтты
10.11, 12:32
Мұхтар Мағауин: Қазақстан дәуірлей берсін!
31.10, 11:43
Төлен ӘБДІК, жазушы: «ЖАҚСЫ АДАМНЫҢ ЖОЛДАН ТАЮЫ – ҮЛКЕН ТРАГЕДИЯ»
24.10, 15:19
05 авг 19:03
korilim:1 564 Қоғам
Ұзақ мерзімді құрылыстан есепте бар пәтерлерден екі есе көп баспана сатылған"- дейді үлескерлер
BAIRAQ.KZ- Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов бүгін проблемалы «Куршавель» тұрғын үй кешенінде болды деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі елорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұнда үлескерлердің жалпы саны - 135 адам. Бөлінген жер учаскесінде егжей-тегжейлі жоспарлау және жобалық-сметалық құжаттама жоқ. Тұрғын үй кешені 72 пәтерге есептелген, бірақ 125 пәтер сатылған. «Біз пәтерлерді 2012 жылдан бері күтіп жүрміз. Аумақта жарық жоқ. Күзетші фонарьмен отырады. Жоба бойынша біздің үй 5 қабатты. Үйдің іргетасы сын көтермейді. Ал 6 және 7 қабаттарда болмаған пәтерлер сатылған. Үйдің іргетасы қосымша жүктемелерге төтеп бермейді», - дейді үйдің үлескерлері. Құрылыс салушының айтуынша, іргетасты және бағандарды нығайтып, плиталарды жабу жұмыстарын жүргізу керек. Іргетасы 6 және 7 қабаттарды көтермейді - қосымша жер учаскесі бөлінді. Үйді ретке келтіру және нығайту жұмыстарын жүргізу керек, сараптамадан өту, инженерлік желілер және абаттандыру жобасын жасау қажет. Әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі, бірігіп жұмыс жасаймыз. Аумақта мамандар қазірдің өзінде жұмыс істеуі керек. Ең бастысы - барлық қауіпсіздік шараларын сақтау және құрылыстың сапасын қамтамасыз ету», - деді А. Көлгінов. Жалпы, елордада аяқталмаған 51 нысан бар
Басып шығару