Атақты маман, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмабек Өмірзақов еліміздегі ең мықты боксшы туралы пікірін білдірді. Қызық, әрине! Бірақ сарапшының пікірінше, бұл боксшы Геннадий Головкин емес.
Өмірзақов Sporttime.kz Youtube каналына берген сұхбатында 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін халықаралық жарыстарға қатысқан барлық қазақстандық боксшылардың арасында екі дүркін Олимпиаданың күміс жүлдегері (1996 және 2000 жж.) Болат Жұмаділов рингтің ең дарынды және техникалық шебері болып табылады деп мәлімдеді.
"Болат Жұмаділов - бокстың эталоны, өте қарапайым, жақсы боксшы. Ол 1992 жылы ТМД құрамасы Барселонаға барған кезде Олимпиада чемпионы бола алар еді. Бірақ мен кішкене құпияны ашайын. Олар 5 мың долларды аянып қалды. Содан кейін Қазақстаннан 4 адам кетуі керек болды: Болат Жұмаділов (48 кг), Темиров (51 кг), Тапаев (61 кг) және Кульпин ауыр салмақта. Шын мәнінде, ауыр салмақта Юрченко баруы керек еді, бірақ сол уақытта кеңес билігі кетіп, монетизация процесі басталды. Юрченкода бармады, Жұмаділовте бармады. Мен барлық технологияларды білемін", - деді Жұмабек Өмірзақов.
Басып шығару