Аружан Саин Сәтпаевтағы жағдай туралы айтты. Ол әлеуметтік желіде қыздың анасымен қандай жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы пост жазды.
Аружан Саин зардап шеккен баланың анасымен байланысқа шыққанын айтты.
«Достар, мен баланың анасымен Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты телефонмен хабарластым. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізілді. Біз құқықтық және психологиялық көмекті ұйымдастырудағы әрі қарайғы әрекеттерімізді талқыладық. Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен ретінде мен бұл жағдайды қадағалаймын», - деп жазды Саин.
Ол сонымен бірге бұл іс Ішкі істер министрі мен Қарағанды облысы әкімдігінің бақылауында екенін айтты.
«Мен осы істі жүргізетін адвокаттың тезірек отбасымен байланысуын сұрадым, сонымен қатар жақсы психолог маманын сұрадым, өйткені балаларға қатысты қылмыстар бойынша тергеу әрекеттеріне психологтың қатысуы міндетті. Біз балаларға қатысты осындай қылмыс жасаған барлық адамдарды жауапкершілікке тартамыз», - деп жазды Аружан Саин.
Басып шығару