Әлеуметтік желілерде Атырау әуежайынан ұшып шыққан ұшақтың бейнежазбасы пайда болды. Онда ұшақтың артынан қара түтін көрінеді. Жергілікті әуежайдың авиациялық инженерлік қызметінің жетекшісі Андрей Кимнің айтуынша, кеше АН-12 жүк ұшағы әуежайдан ұшып шыққан.
«Бұл ұшу режимі кезіндегі әдеттегі шығарындылар. Бұл қарапайым жағдай. Кеңестік өндіріс ұшақтарының барлығында дерлік мұндай эффект болады. Ұшақ көтерілгеннен кейін қара түтін жоғалады, сондықтан алаңдауға негіз жоқ», - деді Андрей Ким.
Басып шығару