Mazir
30 июн 15:45korilim:1 833 Қоғам

Болат Назарбаевтың әйелі қайтыс болды


Әбіш ата мешіті, Әлжан Ана атындағы қыздар медресесінің жетекшісі Айша хажы Гүлжан Назарбаеваның қазасы жайлы Facebook парақшасында жазды. 
«Сұм ажал бүгін тағы да бір жақсы жанды ортамыздан жұлып әкетті... Ол - Назарбаева Гүлжан Әбішкеліні. Елбасымның туған бауыры Бөкеңнің бәйбішесі, ГН сапа белгісінің иесі Үшқоңыр баурайындағы Шамалған ауылында Шұбарат атты мейрамхана ашып, бүкіл ағайын ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған меймандарды қабақ шытпай қарсы алатын, бәрінің қас-қабағын айтпай танып, шамасынша айналасындағыларға көмек-жәрдем беретін сынық мінезді, сырбаз көңілді, кең пейілді абзал жан еді...», - деді ол. Айша хажының сөзінше, бір де бір той, бір де бір жаназа, бір де бір шілдехана Гүлжан Әбішкелінінің берекелі қолдарымен жайнатылған ақ дастарханынсыз өтпеген.
 «Оның кең пейілі, бауырмал жүрегі, еріне, түскен жұртына, сүйікті қайын ағасы Нұр-Ағаға деген риясыз көңілі мөлдіреп тұратын... Бір дауысы шығып, ренжігенін көрмеген екенбіз... Әбіш ата мен Әлжан анамызды өз қолымен күтіп, мәпелеп, ақтық сапарға шығарып салған жан еді... Ойламаған жерден үндемей ғана күліп жүре беретін, ешкімге сыр ашып, бейберекет дабырламайтын сабырлы, салиқалы, мәрт күйінде ауырғанын да білдірместен жұмысын жасай жүріп кете барды... Артында тұңғышындай еркелетіп, бетіне қарсы келіп көрмеген, тек қана үйге аман-сау оралуын сұраған жан жары Бөкең, сүйікті ұлы Нұрболы, қыздары, немерелері, келіндері, жиендері, оны қимай өзектерін өрт шалған замандастары, ел-жұрты, төркіні қалды... Оның мейірімді, сымбатты, нұр шашқан сұлу жүзін енді көрмейтінімізге, ғажайып мейрамханасында үстел басында тәтті шәйінен енді іше алмайтынымызға сене алар емеспіз... Жүрегім өртеніп, Үшқоңырға ұшайын десем, карантин, тыйым, блок-бекет деп тағы өткізбей қоя ма деп тоқталдық... Қайран, Гүлеке-ай! Сабырлы, сырбаз көнтерлі аруымыз-ай! Ертерек кетіп қалғаның қабырғамызды қақырата сөгіп кетті, ауылдағы жақындар мен отбасыңызға, тіпті, ауыр соққы болды-ау! Алдыңыз жарық нұр - жәннат, артыңыз қайырлы береке болсын! Жарқын бейнеңіз, жылы жүзіңіз Әбіш атамыз бен Әлжан анамыздың босағасын берік ұстап келген аяулы, пәк, асыл келіні ретінде жүрегімізге сақталады, бақұл болыңыз, хош болыңыз, Гүл Жан!!!» - деп жазды ол. \
Дереккөз: Nur.kz
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15