BAIRAQ.KZ Нұр-Султан қаласының әкімдігі елорданың үздік брендбук жобасын анықтау бойынша шығармашылық байқауын қайта жариялайды. Бұл байқау жастарды патриотизм сезімінде тәрбиелеу, қаланың үздік рәміздерін жасау, сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өз жұмыстарын дизайнерлер және суретшілер, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады. Байқау 2019 жылдың 17 шілдесінен 2 тамызына (қосы алғанда) дейін жүргізіледі. Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 2 тамызынан кешіктірмей мына материалдарды тапсырулары керек: 1. Брендбук нобайлары (нобайлар А4, А3 форматындағы түрлі-түсті қалың қағазда жасалуы тиіс). 2. Шығармашылық жұмысты сипаттайтын түсіндірме жазба. Қазылар алқасы дизайнерлерден, суретшілерден және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады. Құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Бейбітшілік көшесі,11, 528а, 535 кеңсе, тел .: 55-67-19, 55-67-07 нөміріне хабарласуға болады.
Басып шығару