Коронавирус инфекциясының өсу қарқыны карантин шараларын жеңілдеткеннен кейін жылдамдық алды. Өткен тәулікте елімізде 322 адамның инфекция жұқтырғаны анықталған.
«322 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның ішінде: Қарағанды облысында 42, Жамбыл облысында 20, Шымкентте 34, Алматы облысында 16, Нұр-Сұлтанда 83, Түркістан облысында 15, Ақтөбе облысында 10, Алматыда 66, БҚО-да 10, Ақмола облысында 3, Атырау облысында 16, Қостанай облысында 2, ШҚО-да 1, Қызылорда облысында 3, Павлодар облысында 1», - делінген мәлімдемеде.
Елімізде науқастардың жалпы саны 7 919 адамға жетті.
Басып шығару