Күн батқан кезде қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында жас жігіт үрмелі аспаппен әнұран орындап тұрғындардың көңілін көтерді.
Бейне авторы жас жігіттің бұл әрекеті көңілін босатқанын айтады. Ал пәтердегілер балконға шығып, әнұранды қосыла шырқады.
Үрмелі аспаптың иесі көптің сұрауымен әнұранның қайырмасын тағы бір мәрте қайталап барып өз пәтеріне беттеді.
Коронавирус кезіндегі карантин бізді ынтымаққа, ауызбіршілікке, бейбіт күннің қадірін білуге үйретіп жатқандай...
https://web.facebook.com/100027370704130/videos/543996173189401/?t=8 Басып шығару