Қарағанды облысында дала өрті салдарынан 300 бас мал қырылды. Соңғы ақпарат бойынша тілсіз жау жалпы алғанда 1 мың гектардан астам жерді шарпыған. Телеарна мәліметінше, қазір 15 өрт ошағының 10-ы сөндірілген.
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Ұлытау ауданынан өзге Қарқаралы, Осакаров, Бұқар Жырау, Шет, Нұра аудандары мен Қаражал қаласының аумағындағы өрт ошақтары мамандардың жіті бақылауында.
Нұрлан Бекбосынов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары: - Қазір өрт болып жатқан жерге МИ-8 ұшағымен қосымша құрам жеткізілді. Олар да сол жердегі өрт сөндірушілерге көмектеседі. Қазір онда техника мен күштік құрам жеткілікті.