Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы айтылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері мемлекеттік органның бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы мемлекеттік бюджет есебінен алынатын барлық мемлекеттік орган үшін бекітілген еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленетінін айтты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымы саяси мемлекеттік қызметшілер санатына жатады және оның лауазымдық жалақысы 1 208 882 теңге.
Ал агенттік төрағасының бірінші орынбасарының жалақысы 911 041 теңге, ал агенттік төрағасы орынбасарларының жалақысы 852 287 теңге», - делінген Tengrinews.kz ресми сауалына жауапта.