ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары қаралды. Бұл туралы
primeminister.kz сайты хабарлады.
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы Гаухар Бөрібаева баяндама жасады.
«Шағын және орта бизнесті дамыту – экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі. Бизнестің қарқынды дамуына барынша қолайлы жағдай жасау үшін ауқымды конструктивті жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар пандемия өз түзетулерін енгізді, шектеулерден шағын және орта бизнес зардап шекті», – деді А.Мамин.
Премьер-министр Үкімет тұрақты түрде «Атамекен» ҰКП-мен және өңірлік кәсіпкерлер кеңестерімен бірге бизнесті аса толғандыратын мәселелерді жедел қарап, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайтынын атап өтті.
Басып шығару