Сенат банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша түзетулерді екі оқылымда қабылдады.
Заң коллекторлық агенттіктерге борышкермен кез-келген байланыс процесінің бейне және аудио жазбаларын міндеттейді. Депутаттардың пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі қарым-қатынасты немесе заңнаманы бұзуды болдырмауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, енді борышкермен коллекторлық агенттікте тіркелмеген телефон номерлерімен байланыс жасауға тыйым салынады.
Басып шығару