Ұлттық банк 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап ай сайын валюта айырбастау туралы ақпараттарды жариялап отырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бұйрық берді.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Тоқаев теңге курсының тұрақсыздығы кез-келген азаматты алаңдататынын жеткізді.
«2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап Ұлттық банк ай сайын және тоқсан сайын валюта айырбастау туралы ақпараттарды жариялап отыруы тиіс. Сонымен қатар, валюта айырбастау графигі жарияланып, қаржылық-несиелік саясат стратегиясы жүзеге асады», - деді мемлекет басшысы.
Қазақстандықтар бюджет қаржысы қалай бөлініп жатқаны туралы ақпарат алуға құқылы. Президенттің ойынша, транспаренттілік қағидасы елдегі барлық қаржылық операцияларды қамтуы тиіс.
Басып шығару