Аталған жоба шілде айында іске қосылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты. Жобаның мақсаты – елдегі әр отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтап, мемлекеттік көмекті автоматты түрде ұсыну.
Тиімділігі – цифрлық картаның көмегімен әр отбасыда неше адам барын, әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысын, жұмысқа жарамсыз жандардың бар-жоғын, баспана, денсаулық жағдайы сынды түрлі факторды анықтау мүмкін болады.
«Отбасының цифрлық картасы азаматтардың деректерін автоматы түрде өңдейтін болады. Азаматтардың осал санаттары, мемлекеттік әлеуметтік көмек, өзге де қолдау түрлерін алуға өздеріні құқықтығы туралы азаматтрдың көбі біле бермейді. Сондықтан негізгі мақсат – мұқтаж отбасыларға мемлектет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерін проактивті, өтінішсіз және уақытылы қанағаттандыруға болатын механизм. Деректер мемлекеттік органдардың автоматты интеграциясы жүйесі негізінде қалыптастырылады», - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.