Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жөніндегі 2021 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.
Баяндама жасай отырып, Әділет министрі Марат Бекетаев Жоспарда биржалық сауда-саттық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жер қатынастары, көлік, құқық қорғау және геодезия, картография, еріктілер және қайырымдылық, биологиялық қауіпсіздік салаларын одан әрі дамытуға бағытталған 19 заң жобасын әзірлеу қарастырылғанын айтты.
Келесі жылы біз Парламентке Елбасының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауынан туындайтын екі заң жобасын ұсынуымыз керек. Бұл биржалық сауданы дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобалары. 2021 жоспарына үш жаңа заң жобасы да енген. Бұл геодезия, биологиялық қауіпсіздік және әскери полиция туралы заң жобалары », - деді Асқар Мамин.
Премьер-министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобаларының сапасына және оларды Үкімет пен Парламентке уақытылы ұсынуға баса назар аударуды тапсырды.
Басып шығару