Ranking.kz жобасының мамандарын парақорлыққа қатысты ең көп құқық бұзушылық қай аймақтарда тіркелгенін айтты.
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде елімізде пара беруге байланысты 877 құқық бұзушылық тіркелгені атап өтілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,2 пайызға көп.
Тек шілде айында парақорлық 56 құқық бұзушылықты құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 69,7 пайызға көп.
Жеті айдың қорытындысы бойынша парақорлық саласында ең көп құқық бұзушылықтар Батыс Қазақстан облысында тіркелді - 100. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есеге көп. Үштікке Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстары да кірді: әр облыста 75 құқық бұзушылық тіркелген.
Басып шығару