Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтала бастағанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, 3-тамызға дейін елімізде 92 662 науқас тіркеліп, оның 67,5 пайызы (62 511 адам) емделіп шыққан.
«Тек соңғы тәулік ішінде 672 адам осы індеттен толық айығып шықты», - деді министр.
БҚО, Алматы, Түркістан, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал жақсара бастаған.
«Осылайша, біз еліміздегі індеттің шарықтау шегінен өттік. Қазір жағдай тұрақталды. Мұны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Ендігі уақытта біздің міндетіміз – үлкен еңбекпен келген нәтижені ұстап тұру», - деді министр.
Басып шығару