Шағым бойынша кәсіпкер тексеруді тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
Дәленовтің айтуынша, қазіргі уақытта 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының жаңа нұсқасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
"Жаңа экономикалық бағыттың негізгі қағидалары айқындалатын болады. Болашақ экономиканың маңызды бағыты кәсіпкерлікті дамытудың «жаңа күн тәртібі» болмақ. Бұл нормативтік апелляция институтын енгізу. Кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастықтардың шағымы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерін жою немесе тоқтата тұруды енгізу ұсынылады. Яғни, бизнеске кедергі келтіретін шешімдер тез жойылып, түзетілуі мүмкін ", - деді ол.
Дәленов орта мерзімді шараларды іске асыру кәсіпкерліктің сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз етеді деп санайды.
Басып шығару