Mazir
04 дек 16:30korilim:457 ---

Жұмысшылар мәселесі басты назарда


Бүгін Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелері «Әлеуметтік қамтамасыз ету және еңбек қатынастары бойынша» кәсіподақ жетекшілерімен кездесті. 
Фракциясы жетекшісі Ибадулла  Құттықожаевтың жетекшілігімен өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшесі Райкүл Байназарова, салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиева, «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Ахметов Бауыржан, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұйымкерлерінің салалық кәсіптік одағы Қызылорда филиалының мүшесі Азамат Серікұлы қатысты. Кездесуге қатысушылар облыста еңбек заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды сөз етті. 

Өз кезегінде «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов, «Жұмыспен қамтылған халықтың 30 пайызы ғана кәсіподақ ұйымына мүше. Барлық мекемелерде ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды күшейту керек. Барлық салада еңбек қатынастарын бақылап отырмыз. Әсіресе жұмысшылардың қауіпсіздігі басты назарда» деп жұмысшылардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау мәселелері туралы сөз етті.
Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқарасының бөлім басшысы Нұрбек Жапақов бірнеше мәселелерді айтып, сандарды сөйлетті. «Жыл басынан бері облыс бойынша кәсіпорындар мен мекемелерде 114 тексерулер жүргізілді. 161 заңбұзушылықтар  анықталды. Жалпы 10 айда 27 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  Жұмыскерлерге жалақы қарызын төлеу мәселесі Басқарманың ерекше назарында.    10 айда ықпал ету шаралары нәтижесінде 16 кәсіпорынның 4631 жұмыскерлеріне 616,5 млн теңге жалақы қарызын төледі. 2020 жылғы 01 қарашаға «Фотон» ЖШС бойынша 1 қызметкерге 3 711 499 теңге жалақы қарызы бар. Аталған кәсіпорын  облыстық кірістер департаментінің бақылауында. 45 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, тиісті шаралар жасалды. Басқармамен жұмыс берушілерге жұмыскерлердің еңбек шарттарын «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды түрде енгізу қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде» деді Н.Жапақов.       Кездесуде кәсіподақ жетекшілері өз ұсыныстарын жолдап, өзара  пікір алмасты.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15