Mazir
07 сен 23:32korilim:240 ---

Инвесторды ит қосып қумай-ақ…

Әу баста, Алматы облысының Қонаев қаласы аймағында шетелдік инвестор «International Academy of medicine and sciences» ЖШС-ның қаржысына бірнеше әлеуметтік нысандар салынуы жоспарланған кезде қуанышымыз да шек болмаған. 
Өкінішке қарай, осы жоба бойынша өткен 9 айдағы әкімшіліктің орынсыз тексерулері мен әшейін сөзбұйдаға салуы салдарынан үнділік инвесторлар бұл ойларынан бас тартыпты. 
Осыдан үш жыл бұрын, 2020 жылдың қарашасында «IAMS» ЖШС-і  Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасымен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы аймағында жаңа емдеу нысаны құрылысын салу туралы Келісімшартқа қол қойған еді. Бұл жобаны да қаржыландыруды тікелей инвестиция негізінде жеке компания жүзеге асырмақ болатын.
Жоба барысында аурухананың ковид салдарынан тап болған ірілі-ұсақты түрлі машақатын былай қойғанда, 891 миллион теңге кредиторлық қарызын өтеп берген инвестор жедел жобалау жұмыстарын жүргізіп, клиниканы дамыту, құрылыс жұмыстарын бастап та кетті. 
Жұқпалы аурулар ғимаратының құрылысы ойдағыдай аяқтала салысымен клиника бірінші рет үш жылға берілетін бірінші санатты аккредитациядан сүрінбей өтті. Міне, соның нәтижесінде кардиореанимация, кардиохирургия т.т.б. секілді жаңа бөлімшелер де ашылды. 
Жоғарытехнологиялық медициналық көмек көрсету түрлері 2 ден 27 ге ЖМКК (ВТМУ) дейін бір-ақ секірсе, тек өткен жылы ғана тартылған инвестиция көлемі 2 млрд теңгеден асып жығылып еді. 
Бүгінгі таңда 2024 жылдың тамызында тапсыруға уәде етілген клиниканың негізгі 4 қабатты нысанының құрылысы қарқынды жүргізілуде. 
Аталмыш жоба негізінде 2022 жылдың желтоқсан айында «International Academy of medicine and sciences» ЖШС-гі Алматы облысы әкімдігімен 30 млрд теңгелік меморандумға қол қойған еді. 
Инвесторлар Қонаев қаласында көпсалалы жоғарытехнологиялы аурухана құрылысын, фармацевтикалық зауыт нысандарын салуды және қос диплом беретін халықаралық информациялық технологиялар университетін ашуды да жоспарлаған болатын.
Инвесторлар келісілген жобаның сметалық құжаттары дайын екендігін қаңтар айында-ақ мәлімдегендерімен әкімшілік жағы асығар болмады. Тіпті, бұл жобаны бірлесе талқылау жиылысына әкім өзі келмей орынбасарын жібере салған. Сол жоба әлі күнге қараусыз тұр. Міне, осылай өзі келіп тұрған 30 млрдтық шетелдік инвестицияны жергілікті әкімшілік желге ұшырғалы отыр. 
Бұл аз десеңіз, биыл, шілде айында аталмыш жобаны талқылау мақсатында Қонаев қаласына Үндістан мен АҚШ-нан арнайы келген инвесторларды да қабылдауды әкім өзінің орынбасарына ығыстыра салғанды жөн санапты. Сол себепті де бұл жолғы кездесу тағы да нәтижесіз аяқталды.
Rupal N. мырза «IAMS» ЖШС-нің ресми сұратуы бойынша әкімшіліктен бір ай күттіріп барып зорға алған протоколдың мазмұны көтерген тақырыптан мүлдем аулақ жатыр деген таңғалысын тағы жасырмайды. 
Ал әкім орынбасарының көптің көзінше жасаған уәделі мәлімдемелері жай сөз күйінде ғана қалып келеді. 
Тіпті, облыстық прокуратура тарапынан «ҚР заңдарын өрескел бұрмалауға жол берген» деген шешімге де мойынсұнбастан әлі күнге дейін әкімшілік кедергілер мен, заңсыз тексерулерден көз аштырмаған әкімшілікті ағылшын заңдылықтары тұрғысынан Қазақстандағы іскерлік ортамызды қорғау мақсатында Астана халықаралық қаржы орталығы сотына шағымдануға мәжбүрлеуде. 
Міне, осының салдарынан Алматы облысындағы инвестициялық климат ақсауда. Осындай келеңсіз жағдайлар мен аяқтан шалу нәтижесінде біз меморандумның күшін жойдық. 
Президент Тоқаев Қ. өзінің жыл сайынғы Жолдаулары мен халықаралық форумдардың барлығында дерлік Қазақстанға шетелдік инвесторлар тарту мәселесін күн тәртібінен түсірген емес. Ел басшысының сөзін орындамақ тұрмақ, басшыға қолдау көрсететін қосшының табылмауы әрине, өкінішті. Бұлай кете берсе бір біз ғана емес, тіпті шетелдік те емес, отандық инвесторлардың өзі Қазақстаннан кетуге мәжбүр болады дейді Рупал Наджхаван мырза.
Сонда мұны қалай түсінеміз? Жоқ, әлде, арнайы Президентке қарсы жасалынып жатқан әрекет пе? Еліміздің дамуына кедергі келтіретін, осындай кертартпа кесірлерлердің жолын қалай кесуге болады?
Азау Болат

Басып шығару
order lasuna for sale - buy lasuna tablets buy cheap generic himcolin

order benemid 500mg pills - monograph 600mg generic purchase tegretol generic

celecoxib order - order indomethacin 50mg generic indocin 75mg us

buy voltaren 100mg generic - purchase aspirin without prescription aspirin over the counter

order generic rumalaya - shallaki without prescription endep 10mg pills

pyridostigmine over the counter - sumatriptan pill buy generic imuran 50mg

buy diclofenac tablets - purchase nimotop for sale buy cheap generic nimotop

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15