Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды 03.02, 15:36
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды 07.12, 11:13
ЖІБЕК ЖОЛЫ, 50 01.12, 11:36
Көпен қайтты – сөз семсердің суы қайтты 10.11, 12:32
Мұхтар Мағауин: Қазақстан дәуірлей берсін! 31.10, 11:43
Төлен ӘБДІК, жазушы: «ЖАҚСЫ АДАМНЫҢ ЖОЛДАН ТАЮЫ – ҮЛКЕН ТРАГЕДИЯ» 24.10, 15:19
Әке мен бала 18.10, 13:39
Жайық жағасындағы жыр кеші 06.10, 14:43
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр 24.08, 15:34
Парасат майданының суреткері 23.08, 10:41
Ел заңнамасына мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзету әзірленді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді», - деп атап өтеді Үкімет басшысы.
Премьер-Министрдің айтуынша, аталған заңнамалық түзетулер Парламент депутаттары бастама жасаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Парламент депутаттарының түзетулеріне, Үкімет қорытындысының жобасына енгізілді.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаттарының сауалында қоныс аударушылардың қос азаматтығын тексеруге және құқықтық іс-шаралар қабылдауға қатысты мәселелер көтерілген болатын.
Басып шығару