Есенғали Раушанов. Ақын мың баспа табақ кітап оқып, он баспа табақ кітап жазса қандай жақсы! 17.02, 10:49
Мұқағали тұрған пәтерлер 09.02, 11:34
Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды 03.02, 15:36
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды 07.12, 11:13
ЖІБЕК ЖОЛЫ, 50 01.12, 11:36
Көпен қайтты – сөз семсердің суы қайтты 10.11, 12:32
Мұхтар Мағауин: Қазақстан дәуірлей берсін! 31.10, 11:43
Төлен ӘБДІК, жазушы: «ЖАҚСЫ АДАМНЫҢ ЖОЛДАН ТАЮЫ – ҮЛКЕН ТРАГЕДИЯ» 24.10, 15:19
Әке мен бала 18.10, 13:39
Жайық жағасындағы жыр кеші 06.10, 14:43
Ақтөбеде оқушылар мінген көліктің аударылып қалуына жүргізушінің кінәсі бар. Ол рульде қалғып кеткен. Қазіргі кезде спорт мектебінің басшыларына қатысты да қылмыстық іс қозғалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолында болған оқиғаны Алға аудандық полиция бөлімі тергеп жатыр. Қазіргі кезде жүргізуші қамауға алынған.
Бірнеше сараптама тағайындалды. Алдын-ала белгілі болғаны, жүргізуші ішімдік ішпеген.
«Жол-көлік оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Жүргізуші жол ережесін сақтамаған. Бірден қамауға алынды. Ол қалғып кеткен, көлік ішіне шамадан тыс көп бала отырғызған», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.
Сонымен бірге аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің басшылары да осы іске жауапты.
Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің «Салғырттық», «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжановтың айтуынша, жол апатын видеоға түсіріп, балалардың жерде жатқанын көрсеткен адам әлі табылмаған.
Тергеу жұмыстары кезінде анықтап, қылмыстық жауапқа тартылмақ. Еске салсақ, бұған дейін жас спортшылардың ата-аналарды дәл сол адамды тауып, жазалауды сұраған еді.
Басып шығару