Mazir
10 ноя 12:32korilim:472 Adebiet

Көпен қайтты – сөз семсердің суы қайтты

«Көпен келе жатыр» десе Түстік жақтан – Түркістан жақтан керуен келе жатқандай сезілетін. Әлде бір әлем-жәлем көш, әзіл көші ме, ән көші ме, көз алдыңда сондай бір жарнама ролигі айнала бастағандай елестейтін. Өзі де «менің жарнамам мықты» деп, бетіңе қарап тұратын. Жүзінен бе, көзінен бе, әлде езуінен бе, күлкі мен кекесіннің аралас бір бейнесі байқалатын. Онымен сұхбатта болсаң артық қылық жасамауды ойлап, сөзіңнің шынайылығы көңіліңнің тазалығын білдіргенін қадағалап отырасың. Сөздері тосын, өткір. Қылт еткенді қиып түсер еді.

Көпенмен 1990 жылдары танысыппыз. «Жас Алашта» тілші едім. Газеттің «Қожанасыр қоржыны» деген қосымшасы болатын. Ол маған арнайы бұрылып, келген жағымды сұрап, көңіл бөле сөйлесіп еді. 

Заманбектің әкім кезі. Көпенді қабылдамай, дөрекі сөйлепті. 

«Басымда бақ бар.

Астымда әжеп тәуір тақ бар.

Таныйтын жақсылар 

қаланың мэрі дейді.

Танымайтын жамандар

Мақпал Жүнісованың ері дейді» деп, таудай Зәкеңді түйреп салатыны сол кез. Сонда Көпен көкем қырық жастарда екен ғой.

Осы жазда Алматыда Ғалымжан Мелдеш бауырының келін түсірген тойында жолығып сәлем бергенмін. Жүзі жасыңқы көрінді…

Бір ай бұрын біраз үлкенді-кішілі ақын-жазушылар Ақтөбеде екі-үш күн бірге болдық. Ақтөбе Облысы Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесіп ұйымдастырған   «Әдебиет, Рух, Қоғам» деп аталатын ауқымды жобада Көпен ағаға Сатира номинациясының сыйлығын берген. Енді ойласам сыйлап үлгерген екен. Кеудесіндегі төсбелгі сол. 

Бұл жолы жүдеу екен. Бірақ алдыңғы жолғыдан рухты, дауысы жарқын, әлденеге қайрат қылып, қарысып жүргені байқалды. Кездесулерде ұзақ толғап, күлдіре сөйлеп, Маханбеттің өлеңін оқып тебіренді. Отырған аға-інілерінің алдында аңқылдап, ашық-жарқын еркін жүрді. 


Мен Көпенге жақын отырып, көңіл бөліп, інілік ізет көрсетіп, сөзге тартуға икемдендім. Селфи жасай беретін әдетім жоқ еді. Бұл жолы Көпенмен және Ілия ағамен селфи жасадым. Көкем маған ықыласы ауып, шабыт берер әңгімелер айтты.

Көпен қазаққа біткен семсер сөздің жүзін сақтар суы еді. Семсер суы еді.

Кешелі-бері күллі қазақ даласы «Көпенін» айтып, ауыр күрсінеді. Күн шығыс Алтайда Қалқаман Сарин інім ағасын қазақша жоқтапты. Ақын төгіліпті  Ертіс егіліпті. Жоқтау жылатады ғой. Сөйтіп іштегі мұңды жаспен жуады. Жоқтауға қосылып біз де жылап алдық. 

Көпен қайтты  сөз семсердің суы қайтты.

Алмас Ахметбекұлы, ақын


Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15Алматы облысында алғаш рет кеуде қолқасына стент-графт имплантациялау операциясы жасалды19:31Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды19:26Антикор Алматыда жер беруге қатысты заң бұзу фактілерін тергеп жатыр12:46Қарағанды облысында өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгері өлі табылды10:13Бас әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты түсінік берді13:46Қызылорда облысында шенеуніктер 543 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді09:58Құлтөлеу Мұқаш. Қазақтың ДОН-КИХОТЫ12:03