Есенғали Раушанов. Ақын мың баспа табақ кітап оқып, он баспа табақ кітап жазса қандай жақсы! 17.02, 10:49
Мұқағали тұрған пәтерлер 09.02, 11:34
Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды 03.02, 15:36
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды 07.12, 11:13
ЖІБЕК ЖОЛЫ, 50 01.12, 11:36
Көпен қайтты – сөз семсердің суы қайтты 10.11, 12:32
Мұхтар Мағауин: Қазақстан дәуірлей берсін! 31.10, 11:43
Төлен ӘБДІК, жазушы: «ЖАҚСЫ АДАМНЫҢ ЖОЛДАН ТАЮЫ – ҮЛКЕН ТРАГЕДИЯ» 24.10, 15:19
Әке мен бала 18.10, 13:39
Жайық жағасындағы жыр кеші 06.10, 14:43
Бүгін Талдықорғанда белгілі журналист, халқының аяулы перзенті Бейсен Құранбектің есімі журналистер үйіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2014 жылы пайдалануға берілген ғимараттың маңдайшасына «Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйі» деп жазылды.
Шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, телевизия ардагері Қайнар Олжай арнайы келіп қатысты.
Олар тарихи күнде Бейсен Құранбектің қазақ телевизиясына қосқан үлкен үлесін тілге тиек етіп, жылы естеліктер айтты.
«Айтуға оңай» бағдарламасымен халқының жүрегінен орын алып, сүйікті тележүргізушісі, халқының жанашыры болған Бейсен Құранбек осы есімі берілген журналистер үйінің салынуына тікелей атсалысқан азамат.
Бұл ғимаратта «Жетісу телеарнасының», облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің ұжымдары, сондай-ақ республикалық телеарналардың өңірдегі тілшілері отырады.
Қазақ телевизиясының дамуына үлкен үлес қосқан Бейсен Құранбек өзі жүргізген «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларында халықтың әлеуметтік мәселелерін талқылады.
Журналист жүргізген бағдарламалары арқылы қиындыққа тап болған қанша адамға демеу бола білді. Жүздеген адамның түйткілін шешуге жәрдемдесті.
Кең пейілді жүрегімен, әр хабарына бар ынта-жігерімен, шынайы сүйіспеншілігімен қарағанының нәтижесінде халқының сүйікті журналисіне, ал «Айтуға оңай» бағдарламасы көрерменнің сүйіп көретін бағдарламасына айналды.
Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған.
Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.
2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.
2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.
2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.
Қазақстан президенті сыйлығын 2006 жылы алған және «Қазақстан мәдениет қайраткері» атағымен марапатталған.
Бейсен Құранбек 2020 жылы 18 мамырда таңертең Талдықорған қаласында ауыр науқастан қайтыс болды.
Бейсен Құранбектің жарқын бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.