Есенғали Раушанов. Ақын мың баспа табақ кітап оқып, он баспа табақ кітап жазса қандай жақсы! 17.02, 10:49
Мұқағали тұрған пәтерлер 09.02, 11:34
Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды 03.02, 15:36
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды 07.12, 11:13
ЖІБЕК ЖОЛЫ, 50 01.12, 11:36
Көпен қайтты – сөз семсердің суы қайтты 10.11, 12:32
Мұхтар Мағауин: Қазақстан дәуірлей берсін! 31.10, 11:43
Төлен ӘБДІК, жазушы: «ЖАҚСЫ АДАМНЫҢ ЖОЛДАН ТАЮЫ – ҮЛКЕН ТРАГЕДИЯ» 24.10, 15:19
Әке мен бала 18.10, 13:39
Жайық жағасындағы жыр кеші 06.10, 14:43
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк және Бас прокуратура басшыларының қатысуымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Қатысушылар Президент алға қойған міндеттерге сәйкес әзірленген елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады. Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жоюға, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыруға немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеруге және т. б. бағытталған нормалар қарастырылған.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін талдау нәтижелері бойынша активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарлануда. Активтердің иесі олардың шығу тегін растай алмаған жағдайда, негізсіз сатып алынған деп танылады және мемлекет кірісіне айналады.
Келіп түсетін активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделген.
Премьер-Министр Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып, заң жобасын мұқият пысықтауды жалғастыруды тапсырды.
Сонымен қатар отырыста ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.