Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды 03.02, 15:36
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды 07.12, 11:13
ЖІБЕК ЖОЛЫ, 50 01.12, 11:36
Көпен қайтты – сөз семсердің суы қайтты 10.11, 12:32
Мұхтар Мағауин: Қазақстан дәуірлей берсін! 31.10, 11:43
Төлен ӘБДІК, жазушы: «ЖАҚСЫ АДАМНЫҢ ЖОЛДАН ТАЮЫ – ҮЛКЕН ТРАГЕДИЯ» 24.10, 15:19
Әке мен бала 18.10, 13:39
Жайық жағасындағы жыр кеші 06.10, 14:43
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр 24.08, 15:34
Парасат майданының суреткері 23.08, 10:41
Бұл туралы облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Рақымшылық туралы» Заңға сәйкес Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД аудандық және қалалық пробация қызметі 122 сотталғанға қатысты рақымшылық қолдану туралы сотқа ұсыныс жолдады. Олар жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.
«Қазіргі таңда 9 сотталғанның іс-құжаттары қаралып, 7 сотталғанның негізгі жазасы төрттен үшке қысқартылып, екі сотталғанды жаза мерзімінен босату жөнінде сот шешімімен қаулы шығарылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Ал, қалған 113 сотталғанның материалдары сот өндірісінде. Осыған дейін есептегі сотталғандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Онда қаңтар оқиғасына қатысқандардың барлығы бірдей рақымшылыққа ілікпейтіні жөнінде нақты айтылды», - деді пробация қызметіне басшылық жасау тобының бас маманы, әділет майоры Ғаламат Құлманов.
Еске сала кетсек, 2 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Заң бойынша Қаңтар оқиғасы қатысты мың жарым адамға рақымшылық жасалатын болды.