Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды 03.02, 15:36
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды 07.12, 11:13
ЖІБЕК ЖОЛЫ, 50 01.12, 11:36
Көпен қайтты – сөз семсердің суы қайтты 10.11, 12:32
Мұхтар Мағауин: Қазақстан дәуірлей берсін! 31.10, 11:43
Төлен ӘБДІК, жазушы: «ЖАҚСЫ АДАМНЫҢ ЖОЛДАН ТАЮЫ – ҮЛКЕН ТРАГЕДИЯ» 24.10, 15:19
Әке мен бала 18.10, 13:39
Жайық жағасындағы жыр кеші 06.10, 14:43
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр 24.08, 15:34
Парасат майданының суреткері 23.08, 10:41
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 98,4 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 35%-ға (72,9 млрд доллар) артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР экспортының номиналды көлемі – 63,8 млрд доллар. Бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда 47,5%-ға артық (43,3 млрд доллар).
ERI есептеулері бойынша, ҚР экспортының нақты өсімі негізгі экспорттық позициялардың бағасы жоғары болуына байланысты шамамен 2,8-3%-ды құрайды. Мұнайдың тоннамен жеткізілуі небәрі 1,6%-ға, экспорттық түсімдер 63,4%-ға өсті.
Елдер бойынша экспорт:
- Италияға 84%-ға, яғни 11,2 млрд долларға;
- Қытайға 43%-ға, яғни 10,3 млрд долларға;
- Ресейге 15%-ға, яғни 5,9 млрд долларға;
- Нидерландыға 24%-ға, яғни 4,1 млрд долларға;
- Кореяға 2,9 есе, яғни 3,6 млрд долларға;
- Түркияға 71%-ға, яғни 3,6 млрд долларға;
- Өзбекстанға 36%, яғни 2,6 млрд долларға дейін өсті.
2022 жылғы 9 айдағы ҚР экспортының құны (63,8 млрд доллар) алдыңғы 7 жылдағы жеткізілімдердің жылдық көлемінен асып түсті. Жылдық көлемде соңғы рет өсім 2014 жылы (79,5 млрд доллар) көп болды.