«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр 24.08, 15:34
Парасат майданының суреткері 23.08, 10:41 Тағы да Мемлекеттік сыйлық туралы. Рушылдықпен әдебиет жасауға болмайды (Маржан Ершуға хат) 19.08, 13:08
Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты 17.08, 12:25 Ағылшын жазушысының Қазақстан туралы кітабы 09.08, 13:43 ШЕРХАННЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ШЕТТЕ ҚАЛМАҒАНЫ ДҰРЫС 05.08, 15:21 ТОҚАШҚА АЛМАТЫ ТӨРІНЕН КӨШЕ БҰЙЫРА МА? 25.07, 11:20 «Тақтар таласы». Роман мен сериалдың соңы қалай аяқталады? 11.07, 13:57 Қазақ жазушысы Лондондағы баспамен келісімшартқа отырды 11.07, 12:19
Ақберен Елгезек: Мемлекеттік бағдарламаға авторлар кітап өткізгісі келмейді 27.01, 22:06
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов құрылыс саласын реформалау және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Баяндама жасаған индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев құрылыс саласының тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу қорытындылары бойынша заңнамалық түзетулер пакеті дайындалғанын атап өтті.
Жаңа нормаларды енгізудің арқасында шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, заңсыз және өнімсіз қосалқы мердігерлердің, сондай-ақ біліктілігі жоқ лицензиаттардың қызметін шектеу жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, нарық субъектілеріне жер учаскелерін алу кезінде тең мүмкіндіктер беру, үлестік құрылыс саласын жетілдіру және сала бойынша лайықты еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету жоспарда бар.
Заңнамалық түзетулерді қабылдау құрылыс көлемін біркелкі бөлуге, орындалатын жұмыстардың сапасы мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтіледі.
Премьер-Министр ұсынылған өзгерістердің негізгі бөлігін қолдады және мүдделі мемлекеттік органдарға егжей-тегжейлі есеп жасауды қажет ететін тармақтарды қосымша пысықтауды тапсырды.
Басып шығару