«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр 24.08, 15:34
Парасат майданының суреткері 23.08, 10:41 Тағы да Мемлекеттік сыйлық туралы. Рушылдықпен әдебиет жасауға болмайды (Маржан Ершуға хат) 19.08, 13:08
Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты 17.08, 12:25 Ағылшын жазушысының Қазақстан туралы кітабы 09.08, 13:43 ШЕРХАННЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ШЕТТЕ ҚАЛМАҒАНЫ ДҰРЫС 05.08, 15:21 ТОҚАШҚА АЛМАТЫ ТӨРІНЕН КӨШЕ БҰЙЫРА МА? 25.07, 11:20 «Тақтар таласы». Роман мен сериалдың соңы қалай аяқталады? 11.07, 13:57 Қазақ жазушысы Лондондағы баспамен келісімшартқа отырды 11.07, 12:19
Ақберен Елгезек: Мемлекеттік бағдарламаға авторлар кітап өткізгісі келмейді 27.01, 22:06
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан Президенті Әзербайжан Республикасына ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты.
«Ең алдымен бізге көрсеткен қонақжайлығыңыз үшін сізге ризашылығымды білдіремін. Бұл – Қазақстан Президенті ретінде алғаш рет ресми сапармен келуім. Бұл сапардың мен үшін мән-маңызы айрықша. Бүгін бірқатар өте өзекті мәселелер туралы пікір алмасулар болады. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылмақ. Ол екіжақты ынтымақтастықты, қазақ-әзербайжан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ильхам Әлиев өзінің шақыруын қабыл алып, Әзербайжанға ресми сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан Президентінің Бакуға келуі екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті.