• USD/ KZT - 363.28
  • EUR/ KZT - 414.25
  • RUB/ KZT - 5.44
  • CNY/ KZT - 52.79
08.06.2018, 02:30

BAS BAIRAQSHY BAGANY

Неге қамсызбыз?!
 
Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тенді ұрылар тапа-тал түсте пышақтап кетті. Қандықол қарақшының жамбас тұсқа бойлата салған пышағы күретамырды қиып түсіпті...
«Жедел жәрдем хабар түскен соң 10 минутта келген. Жарақат алған адамның кім екені сол жерде белгілі болды. Он бір минуттан соң Тен ауруханаға жеткізілді. Жолай хабар беріліп, хирургтар жедел жәрдемді күтіп тұрды.
Өкінішке қарай, сағат бес жарымда Денис көз жұмды. Себеп – пышақ жарақатынан көп қан жоғалтқан» дейді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Алматы қаласының қоғамдық кеңесі қауіпсіздікті талқылап, қалалық ІІД басшыларын сұраққа алмақ.
Бас прокурор Қайрат Қожамжаров Денис Теннің қазасына қатысты істі жеке бақылауына алыпты.
«Қылмыстық істі тергеп-тексеру үшін қалалық ІІД және ІІМ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Іске қатысты процесуалдық прокурор тағайындалды. Тергеу барысын бас прокурор бақылауына алды» дейді құзырлы органның баспасөз қызметі.
«Бұл – бәріміз үшін қаралы күн» деп күңіреніпті Ұлттық олимпиадалық комитеттің төрағасы Тимур Құлыбаев.
Ресей федерациясының вице-премьері Виталий Мутко көңіл айтты. «Құдайым-ай, бұл не қылған өмір! Мынадай жағдайда жастар өмірден озып жатыр... Денис керемет спортшы ретінде есімде қалды. Ол Сочидегі олимпиада ойындарында тамаша өнер көрсетті. Айтарға сөзім жоқ... Денистің отбасына, туыстарына көңіл айтамын» деді ол.
Денис Теннің мезгілсіз қазасы жанына батқандардың бәрі қайғы жамылды. Әлеуметтік желі күңіреніп тұр. Лауазымдылардың бірқатары халыққа көңіл айтты. Бірақ осы істің ең басты жауапкері – Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов үнсіз.
Көпшілік Қалмұханбет Қасымовтың отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Бірақ оның өз еркімен кетуі екіталай. Қасымовтан мұндай ерлік күту бекер.
Қазақ қоғамы әлі де қамсыз, әлі де енжар! Қоғам сілкіну үшін, қасымовтарды сілкілеу үшін енді қанша уақыт керек?..   
 
3673
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM
Неге қамсызбыз?!

Денис Теннің мезгілсіз қазасы жанына батқандардың бәрі қайғы жамылған. Әлеуметтік желі күңіреніп тұр. Лауазымдылардың бірқатары халыққа көңіл айтты. Бірақ осы істің ең басты жауапкері – Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов үнсіз. Көпшілік Қалмұханбет Қасымовтың отставкаға кетуін талап етті. Бірақ оның өз еркімен кетуі екіталай. Қасымовтан мұндай…



SARAPTAMA

«Каспий конвенциясы» – бір қайнауы кем құжат

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын Кремль Каспий теңізі арқылы АҚШ-тың Ауғанстанға арнайы жүк тасымалдауында Ақтау портын пайдалануынан үлкен шу шығарып, ресми және бейресми түрде наразылығын танытқан болатын. Тіпті, біраз ресейлік БАҚ: «Қазақстан Каспийде АҚШ әскери базасын құрып жатыр» деп, байбалам салған еді. Енді, міне, күштінің арты диірмен тартады: Ресей жағы бұл мәселені өз пайдасына шешкен сыңайлы. Өйткені, Конвенцияның 3-бабында: Каспий аумағында «тараптарға тиесілі емес әскери күштердің орналасуына тыйым салу» туралы талап тайға таңба басқандай жазылып қойған.



Шесть арестов, зарубежные организаторы: что Венесуэла говорит о покушении на президента Мадуро

В покушении было задействовано два летательных аппарата на самоуправлении. Власти Венесуэлы утверждают, что один из дронов удалось заранее нейтрализовать с помощью средств для перехвата радиоуправляемых устройств. Он взорвался в воздухе. Другой дрон, на котором был размещен более крупное взрывное устройство, упал на землю, пишет El Nacional, и взорвался. Именно в результате этого взрыва пострадали семь человек. Трое из них в тяжелом состоянии, еще четверо - в стабильном.



MERGENSOZ

SAKEN SYBANBAI

Түркия шақырды: «Жағажайыма келіп, күнге қыздырын!».
Тайланд қызықтырды: «Келіп, массаж жасат, суретке түс!».
Үндістан үгіттеді: «Тарихи жерлерімді тамашала, пілге мін!».
Айлығым айтты: «Оттапты бәрі, отыр үйіңде!».
("ЖАЗ. ДЕМАЛЫС" циклынан 3-анекдот)))

Подробнее

BairaqTV