• USD/ KZT - 379.36
  • EUR/ KZT - 424.47
  • RUB/ KZT - 5.88
  • CNY/ KZT - 54.95
BAS BAIRAQSHY BAGANY
08.06.2018, 02:30

BAS BAIRAQSHY BAGANY

Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді...
Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын ұқпаған бейшара Йозеф ақталам деп босқа арамтер болады. Сотпен тікелей байланысқа шыққысы келген әрекетінен де ештеңе өнбейді. «Көмектесем» дегендердің бәрі құр уәде, құрғақ сөзбен шектеледі. Былық-шылығы көп сот жүйесінің тереңіне бойлаған сайын өзінің өмірі де сол жүйемен астаса береді...
Бұл процестің немен басталып, немен аяқталғаны белгісіз. Сот үкімі шықты ма, қандай айып тағылды, не үшін сотталды, кінәлі ме, кінәсіз бе – ол жағы да беймәлім. Бір анығы, Йозеф өзінің талқаны таусыла бастағанын сезеді. Істі болғаннан кейін дәл бір жылдан соң, отыз бірге толған күні Йозефті аты-жөні белгісіз екі сот орындаушысы пышақтап өлтіріп кетеді. Өліп бара жатқан Йозефтің тілі: «Ит өлім!» деуге ғана келеді...
Қазақ қоғамында да әлдебір процесс жүріп жатқан сияқты. Кафканың басы белгісіз, аяғы құрдым процесіне ұқсайды.
Жазушы романымен және кейіпкерлерімен тұтастай қоғамның сол тұстағы дертін дөп басқан. Дамымай қалған дүмбілез қоғамның әрбір мүшесі өзін Кафканың кейіпкері Йозеф сияқты сезінетіні де содан шығар, бәлкім.
«Процесс» кейіпкерлерінің бәрі біздің қоғамнан табылады: сот та, прокурор да, шаш ал десе бас алатын сот орындаушылары да және йозефтер де. Солай бола тұра, басты Процесс әлі басталмағандай көрінеді де тұрады маған...  
    
5709
0

Оставить комментарий

BAS BAIRAQSHY BAGANY

Процесс
ERIK RAHYM
Процесс

Жазушы Франц Кафканың «Процесс» дейтін романы естеріңізде ме? Біздің қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар бұрынырақта оқыған осы романды тағы бір еске түсірді... Қысқаша сюжеті мынадай еді ғой: банк қызметкері Йозефті дәл өзінің отыз жасқа толған туған күнінде сақшылар тұтқындайды. Оған не үшін ұсталғанын түсіндіріп жатпайды. Не қылмыс жасағанын түсінбеген…



SARAPTAMA

BAS BAIRAQSHY BAGANY
Томские ученые обнаружили бактерию, которая смогла бы жить на Марсе

НОВОСИБИРСК, 3 апр – РИА Новости. Ученые Томского госуниверситета (ТГУ) первыми в мире обнаружили в подземных водах термального источника в Верхнекетском районе региона бактерию, которая способна получать энергию без света и кислорода, а значит теоретически смогла бы жить на Марсе, сообщает в среду пресс-служба вуза.



BAS BAIRAQSHY BAGANY
Жаһандану – апат емес немесе эволюция туралы эссе

...Бір байқағаным, антижаһандану риторикасы көбінесе постсответтік кеңістік елдерінің өкілдеріне ғана тән болып шықты: дамыған, батыс және шығыс елдерінің өкілдері ондай асыра сілтеуші кертартпалықа бара қоймады. Керісінше, жаңаша талаптар тұсында әдебиет те жаңалану керек дегендей орынды ой айтып жатты. Бір байқасам, олардың сөздері ғана емес, көздері де, өздері де, керек десеңіз, киімі мен жүріс-тұрыстары да бөлек, баршаны бір стандартқа салып тастаған құрсаудан ада екен!



MERGENSOZ

BAS BAIRAQSHY BAGANY
Ermek TURSYNOV

Ел аралап жүргенде тағы неге көзім жетті? Біз қожайын болудан қалыппыз, біз – қызметшіміз. 

Ермек ТҰРСЫНОВ

 

Подробнее

BairaqTV