• USD/ KZT - 363.43
  • EUR/ KZT - 424.16
  • RUB/ KZT - 5.35
  • CNY/ KZT - 53.26
08.06.2018, 02:30

Колонка главного редактора

Бізге кім керек?
 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрлігіне қатысты былай деді: «Басқа елдерде полиция деген - адамдардың досы. Ал бізде кім?
Мен әрдайым мысал келтіріп отырамын, Грузияда тәжірибе жасалды. Бәрін түгел жұмыстан шығарып, заңгерлерді шақырды...»
 
Грузиядағы реформа қалай жасалды?
 
Реформа 2004 жылы басталды. Екі жылда елдегі 85 мың полицейдің 75 мыңы жұмыстан шығарылды. ІІМ басшылығының бәрі отставкаға кетті. Он бес мың адам жұмыс істеген жол полициясын таратып, үш ай бойы жол қозғалысын ешкім қадағалаған жоқ. ІІМ штаты 85 мыңнан 26 мың адамға қысқарды.
 
Кадр қалай жиналды?
 
Мамандарды ашық конкурс арқылы қабылдады. Бұрын күштік құрылымдарда қызмет еткендерді мүлдем жолатпады. Кандидаттар батыс стандарттары бойынша сынақ тапсырды. Үміткерлердің интеллектуалдық деңгейіне, психикасына баса мән берілді.
ІІМ-нің бас инспекциясы жұмысқа қабылданғандарды қатаң бақылады. Пара алу, белден басу деген қылмыс бойынша 2004-2010 жылдары 1064 полицей жауапқа тартылды.
Міне, осылайша полицейлер бірнеше сүзгіден қатар өтті. Соның нәтижесінде таңдаулылардың ішіндегі таңдаулысы қалды.
 
Жазалаушы орган қалай қызмет көрсету ұйымына айналды?
 
Бұл – ел басшылығының еңбегі. Реформаның негізі де осы еді: жазалаушы органды халыққа қызмет көрсету ұйымына айналдыру.
Полиция бөлімшелерінде не болып жатқанын халық көруі керек. Сол үшін тасқамал қабырғаларын құлатып, ғимараттың беткі жағын әйнектен салғызды.
Сол тұста Грузияда орташа жалақы 200 доллар болса, патрульдік полицияның жалақысы 800-1000 долларға өсті. Басшылықтың жалақысы тіпті 10 есеге көбейді. Бұдан бөлек, әлеуметтік көмегі тағы бар.
Полиция қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы жақсарып, жауапкершілігі артқан соң пара алу деген өзінен-өзі жойылды. Кеңес өкіметінен «мұраға» қалған бұрынғы жүйе сонымен бірге кетті.
 
Халықтың жауапкершілігі қандай болды?
 
Реформа барысында ІІМ-нің барлық қызметкерлері жұмыстан қуылғанын сөз басында айттық. Осы аралықта қылмыс күрт азайған. Өйткені халық реформаны батыл бастаған ел басшылығына сенді. Әр адам мемлекет алдындағы жауапкершілігін жеке басының қамынан жоғары қойды. Ел басқарған азаматтарға ынты-шынтысымен көмектесті.
Реформа жүріп жатқан тұста парақор, жемқор бұрынғы шенділер кедергі келтіріп баққан. Соның салдарынан қылмыс өршіген кездер болыпты. Алайда халқы қолдаған ел басшылығы мұны да жеңді.
Міне, Грузиядағы реформаның қысқаша баяны осы.
 
Бізде осындай реформа жүргізу үшін не керек?
 
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Грузияны мысал еткені сол-ақ екен, имитация басталып та кетті. Полиция бөлімшелерінің қоршауы өзгеретін болды, жалақысы өсер, тағысын-тағылар...
Бірақ бұдан не өзгереді? Грузия сияқты жетістікке қалай жетеміз? Бізге кім керек?
Мұның жауабы тым оңай: бізге де бір «Саакашвили» керек!           
3836
0

Write a message

BAS BAIRAQSHY BAGANY

ERIK RAHYM

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрлігіне қатысты былай деді: «Басқа елдерде полиция деген - адамдардың досы. Ал бізде кім? Мен әрдайым мысал келтіріп отырамын, Грузияда тәжірибе жасалды. Бәрін түгел жұмыстан шығарып, заңгерлерді шақырды...»



saraptama

Иран баспасөзі Каспий конвенциясын сынаса да, ақтауға тырысты

Иран баспасөзі Ақтауда өткен Каспий саммитіндегі Тегеран ұстанымын біресе ақтап, біресе сынап жазып жатыр. Иран қоғамында Каспий конвенциясы қатты сыналып, ресми басшылардың оған қайта-қайта түсінік беруіне тура келді. 12 тамызда Қазақстанның Ақтау қаласында Каспий жағалауы елдері басшыларының бесінші саммиті өтті. Мұның алдында бірнеше мәрте себебі ресми жарияланбай кейінге сырғытылып барып өткен жиында жағалаудағы бес ел: Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан және Түркіменстан президенттері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды.



О чем говорили Путин и Меркель. Версия Кремля

Переговоры в гостевой резиденции Мезеберг, расположенной под Берлином, продолжались три с половиной часа. СМИ сообщают, что два лидера продолжительное время общались с глазу на глаз, уединившись в парке. По итогам встречи Путин и Меркель не давали пресс-конференции. Они выступили перед журналистами перед ее началом, пообещав обсудить на переговорах как двухсторонние отношения, так и Сирию, Иран и украинский конфликт.



MERGENSOZ

SAKEN SYBANBAI

Түркия шақырды: «Жағажайыма келіп, күнге қыздырын!».
Тайланд қызықтырды: «Келіп, массаж жасат, суретке түс!».
Үндістан үгіттеді: «Тарихи жерлерімді тамашала, пілге мін!».
Айлығым айтты: «Оттапты бәрі, отыр үйіңде!».
("ЖАЗ. ДЕМАЛЫС" циклынан 3-анекдот)))

Подробнее

BairaqTV