Mazir
17 авг 12:03korilim:2 533 Sayasat / Qazaqstan / Adebiet

«Олай болса, мына жер қазақтікі!»


Уәлитхан Танашевті танитын жұрт аз. Осыдан тура бір ғасыр бұрын, 1920 жылдың 17-тамызында В.И.Лениннің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық Комиссарлары кеңесінің мәжілісі өткен. Отырыста Қазақ автономиясының мәселесі қаралып, жиынға қатысушылардың пікірталасы артынша дауға айналды. Жиынға қатысушылар кей жерлерді қазақ иелігіне бермеуге бекінгенімен, Ильичтің сөзінен ары аса алмаған. Ал Ленинге даулы жерлердің қазақтікі екенін дәлелдеген қос азамат – Уәлитхан Танашев пен Әлімхан Ермеков. 
Бұл аралықта Уәлитхан Шарафитденұлы Ұлттар Істері Халық Комиссариатында 1920 жылдың 20 желтоқсанынан бері алқа мүшесі, Қырғыз (Қазақ) елінің өкілі ретінде қызмет істейді. Ал Әлімхан Ермеков Қырғыз (Қазақ) әскери-революциялық комитетінің 1920 жылғы 18 мамырдағы қаулысы бойынша жаңадан құрылмақшы Қазақ автономиялы республикасы Қырғыз (Қазақ) өлкесінің жалпы жағдайы және оның шекара мәселесі жөнінде баяндама жасау үшін №2043 санды мандатпен Мәскеуге келген. 
Қазақтың батыс өлкесіндегі жерлерді алып қалу жолында жан пида етуге даяр болған ұлт перзенті – Танашевтың келесі сөздері оның азаматтығын, адамдығын, ұлтшылдығын көрсетеді. 
«Мен, өмірдің ащы-тұщысын өзгелерге қарағанда көбірек көрген адаммын. Бірақ, соның ащылау жағы тіптен көбірек және тым артықтау болды ма деп ойлаймын. Әйтсе де, менің арым алдындағы жүрегім ақ, көңілім таза. Жападан жалғыз қалған соңғы сәттерімде өзіммен-өзім отырып, мұңға батамын. Мұң – менің сырласым. Ойлап қараңызшы, одан басқа кімім бар менің. 86 жылдық ғұмырымда бұл өмірде не істеп, не қойдым, әсіресе өзімнің туған республикама, Отаныма не жақсылық жасадым. Рас, маңдайымның терін ағызып, жанымды шүберекке түйіп жүріп, жеті жыл қызмет еттім сол еліме. Әсіресе, республика шекарасын белгілуде досым Әлімхан Ермеков екеуміздің В.И.Лениннің бір күнде екі рет қабылдауында болып, Я.Свердловпен жаға жыртыса салғыласқанымыз есімде.
Өзекке түскен өкініш көп. Өзіміздікі деп жүрген көп жер өзбек бауырларға кетті. Орман-тоғайлы Омбы мен Орынбор, терістік арқа орыстарға өтті. Енді қалғаны Еділдің төменгі сағасы. Свердлов болса, Ордаңнан Гурьевке бір-ақ тарт деп жеңістік бермейді. Тіпті өзара кесіп-пішіп қойған, біз болсақ, Әлімхан екеуміз әр сүйем жерді дәлелдеп, қазақша қойылған жер атауларын тілге тиек етеміз. Ноғайлы заманы жырауларының өлеңдерін оқимыз: ақыры Владимир Ильич «Олай болса мына жер қазақтікі» деп қызыл қарындашпен Қиғаш өзенін бойлай Каспийге төте шықты. Бұл біз үшін соңғы үміт. Ал, мен үшін осыған дейін Ресей территориясына кіріп келген Екінші Теңіз жағалауы округі – туған ауылымның Қазақстан құрамына мәңгілік енуі еді. Қуаныштан жүрегім жарылып кете жаздады. Екі көзім жасқа толы. «Ең болмаса, осының өзі!» мен шап беріп, Әлімханды құшақтай алдым. Ол болса «Өкініш көп қой, ағатай. Өкініш» деп жылап тұрды.
Құдайдан күштісің бе, барымыздан айрылып қала жаздадық қой. Көздегі жас тиылар емес, сонда да болса, қалтамдағы орамалға қолымды апармадым, өйткені өлгенде бір көрген қуаныш жасы еді...».
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15Алматы облысында алғаш рет кеуде қолқасына стент-графт имплантациялау операциясы жасалды19:31Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды19:26Антикор Алматыда жер беруге қатысты заң бұзу фактілерін тергеп жатыр12:46Қарағанды облысында өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгері өлі табылды10:13Бас әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты түсінік берді13:46Қызылорда облысында шенеуніктер 543 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді09:58Құлтөлеу Мұқаш. Қазақтың ДОН-КИХОТЫ12:03Жаңаөзендегі жарылыстан 1 адам қаза тауып, 13 адам зардап шекті10:18Студент қызды соққыға жыққан оқушының әкесі Антикорда жұмыс істемейді – ШҚО департаменті14:27Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артты10:09Қарағанды облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаға ауыстырылады09:33Көлгінов Астанада жиналған жаңаөзендік жұмысшылар туралы пікір білдірді14:16Ақордада Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері қандай уағдаластыққа келді10:57Атырауда ауадағы күкіртті сутегі шекті нормадан 20 есе артқан12:2432 жылда Қазақстанға қанша этникалық қазақ оралды10:17КЕПІЛМЕН БОСАТЫЛҒАН БАҚБЕРГЕН МӘУЛЕНОВКЕ ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ16:46Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?13:10Әлихан Смайылов: Арзан жанармай әртүрлі жолмен көрші елдерге кетіп жатыр12:59Алматы кітап жәрмеңкесі өтті19:53Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін - Президент19:05Қазақстанның екі облысында су тасқыны қаупі ескертілді12:28Сайлау: Шетелде жүрген қазақстандықтардың 72,54% дауыс берді12:09Шығыс Қазақстан облысында өртенген үйден үш адамның денесі табылды14:27Сенат спикері ұлттық қор қаражатына қатысты алаңдаушылық білдірді14:24Министр спортшы Шавкат Рахмновпен кездесті22:18Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде су басқан ауылдардан 240 адам эвакуацияланды – Юрий Ильин15:20