Трамп Байденнің жеңісін мойындады

  • 08 янв, 11:57
  • Көрілім: 626

АҚШ президенті Дональд Трамп президенттік сайлауда басты қарсыласы болған Джо Байденнің жеңісін мойындады

Трамп твиттерде жариялаған үндеуінде президенттік өкілеттікті Байденге заңды түрде тапсыратынын уәде етіп, жаңа президент өз қызметіне қаңтардың 20-сы кірісетінін жеткізді. Осылайша Дональд Трамп басты саяси додада жеңіліске ұшырағанын сайлаудан кейін екі ай өткен соң ғана мойындап отыр.

"Мен Капитолийге жасалған сұмдық шабуылды айыптаймын. Америка – үнемі заң мен тәртіпке берік мемлекет. Капитолийге басып кірген бұзақылар америкалық демкоратияны аяққа таптады. Олар тиісті жазасын алады. Менің командам сайлаудың қорытындысын тек заңды жолдармен қайта қарауға күш салды. Конгресс сайлаудың қорытындысын бекітті, жаңа әкімшілік қаңтардың 20-сында қызметіне кірседі," - деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз

Джо Байденге тікелей эфирде вакцина салынды

Президент сайлауы: Америка өз таңдауын жасады

Трамп: Біз бұл сайлауда жеңіске жеттік

Лукашенко жаңа президенттік сайлаудың шартын айтты

Тарихшы АҚШ-тың болашақ президентін атады

Пікір қалдыру